Планы для 0 класса 3

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Мерзімі 3.09.2014 ж

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».

Тақырыбы: Сәлем! Сәлеметсіз бе!

Мақсаты: амандасу үлгілерін үйрету. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ата, әже және кішкентай ұл мен қыздың суретінен тұратын слайд.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптер, үлестірмелі материал, түрлі түсті қарындаштар.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын, практикалық.

 

 

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог топтағы балаларды амандасу үлгілерімен таныстыру үшін топқа бір үлкен кісіні (тәрбиеші, күтуші) және ересек топтан бір баланы қонақка шақырады. Ең алдымен үлкен кісі топқа кіріп, балалармен амандасады.

Балалар топқа кірген қонақпен «Сәлеметсіз бе!» деп аман­дасады.

 

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік

 

Педагог балаларды жұмыс-дәптердегі «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» тақырыбына арналған оку іс-әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша амандасу үлгілерін қайталатады. Балаларға өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын түсіндіреді.

Топтагы бала­лар «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін хормен бірнеше рет кайталайды.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

 

Педагог балалардан бүгінгі оқу іс-әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналыскандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады

Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар өзара және үлкендермен амандасу үлгілерінің айырмашылығын меңгереді.

Игереді: «Сәлем!», «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерзімі 4.09.2014 ж

 

Білім беру саласы: «Қатынас».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».

Тақырыбы: Сәлем! Сәлеметсіз бе!

Мақсаты: амандасу үлгілерін үйрету. Оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ата, әже және кішкентай ұл мен қыздың суретінен тұратын слайд.

 

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс-дәптер, үлестірмелі материал, түрлі түсті қарындаштар.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.7 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 107

Похожие материалы