Пластидтер – мембраналы органоид

Предмет: Биология
Категория материала: Конспекты
Автор:
Пластидтер - өсімдік жасушасында болатын негізгі органоид. Олар саңырауқұлақтарда, көк-жасыл балдырларда және бактерия жасушаларында болмайды. Пластидтердің үш типі бар: жасыл – хлоропластар, қызыл, қызғылт сары, сары – хромопластар, түссіз – лейкопластар.    Хлоропластар – митохондриялар сияқты қос мембраналы органоид. Хлоропластардың пішіні көьіне сопақша болып келеді. Оның ұзындығы – 5-10 мкм, ені – 2-4 мкм. Олардың саны өсімдіктің түріне қарай түрліше болады. Хлоропластарды ішкі және сыртқы мембраналар қоршап жатады. Хлоропластардың ішкі қабатында жалпақ мембраналы тилакоидтер және оның матриксін құрайтын строма нәруызы көп кездеседі.    Хромопластарда әр түрлі – сары, қызыл, қоңыр, т.б. түсті пигменттер болады. Олар жемістердің, жапырақтардың, гүлді өсімдіктердің күлте жапырақшаларының жасушаларында болады. Осыған байланысты хромопластардың түстері түрліше болып келеді. Эволюциялық дамуда хлоропластардың маңызы зор.  Лейкопластар көптеген өсімдіктердің жасушаларында кездеседі. Олар ұрықтық ұлпалардың жасушаларында, споралар мен аналық гаметалардың цитоплазмаларында, тұқымдарда, түйнектерде, тамырда, көптеген дара жарнақты өсімдіктердің эпидермистерінде болады. Лейкопластарда крахмал синтезделіп, жинақталады. Крахмал қор заты ретінде глюкозадан лейкопластарға келетін амилосинтетаза ферменттерінің әсерінен түзіледі. Хлоропластар, хромопластар және лейкопластар өзара бір-біріне ауыса алады. Оған көктемде немесе күзде картоп түйнектерінің түсін өзгертуін мысалға келтіруге болады. Хлоропластағы  көмірсу синтезіне энергия қоры митохондрия органоидінен алынады.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.27 Kb
Количество скачиваний: 85
Просмотров: 407

Похожие материалы