Пән: Қазақ тілі 1 сынып

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Конспекты
Автор:

Пән: Қазақ тілі

Сынып:  1

Сабақтың тақырыбы:  Бөлмеде

Сабақтың мақсаттары: 

а) Білімділік: Тақырыпқа қатысты сөздерді меңгерту. Жатыс септігі жалғауының грамматикалық мағынасын түсіндіру

ә)Дамытушылық: Тақырып бойынша байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту

б)Тәрбиелік: Өз бөлмесіндегі заттарды таза және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу

Оқыту нәтижесі:

1.Тақырып бойынша ойларын жеткізе алады,бөлмедегі заттарды атай алады

2.Жаңа сөздерді қолдана отырып әңгімелей алады,жатыс септігі жалғауын  

   қолданады

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жаңа сөздер, суреттер

Әдіс-тәсілдері: СТО әдістері, ой қозғау, топтық жұмыс, сұрақ-жауап,әңгімелеу

 Блум Таксономиясы

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

    Міндеттері:

   Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

   Оқушыларды қарым- қатынасқа психологиялық дайындау

   Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

   Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру

 2.Үй тапсырмасын тексперу кезеңі

    Міндеттері: Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру

    Кемшіліктері мен қателерді анықтау

    Оқушылардың оқу мотивациясын қамтамасыз ету

    Сабақ мақсатын анықтауда оқушымен бірлесе іс- әрекеттерді кірістіруді

    қамтамасыз ету.

    Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру

3. Топқа бөліну  (геометриялық фигуралар арқылы)

4. Жаңа тақырып: Миға шабуыл. Видеофильм көрсету

    1. БІЛУ: -Суретте не бейнеленген?

                   -Бөлмеде нелер  бар?

                   -Мынау не?

    2. ТҮСІНУ: Сөздік жұмысы

         Жарық - светлый           таза - чистый          жатыр -   лежит

       ә)Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құру.

   3. ҚОЛДАНУ: Мәтінмен жұмыс. Оқушылар өз бетінше мәтінді

       оқып,әңгімелеу

   4.ТАЛДАУ:     4-тапсырма  Диалог құру

                                                   Үстел- де

    Текше  қайда?                      Төсек - те

                                                   Орындық - та

                                                   Шкаф - та

   5.ЖИНАҚТАУ:  Постермен жұмыс.

   6. БАҒАЛАУ:   Оқушылардың тақырыпты меңгеру сапасын анықтау

                           Өзара бақылаушылық мүмкіндігін дамыту

5. Үй тапсырмасы

     Міндеттері:оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын,мазмұнын,орындау

     тәсілдерін түсіндіру.

     86-86  бет , 5- тапсырма

6. Рефлексия кезеңі:

     - Бүгінгі сабақта не білдің?

     - Не түсініксіз болды?

 

     - Көңіл-күйің  қандай?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.56 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 123

Похожие материалы