Пәні: Информатика Сабақтың тақырыбы: Математикалық мәтінді енгізу.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Оразалинова Салтанат Серикбековна
|
Пәні: Информатика
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Математикалық мәтінді енгізу.
Сабақтың мақсаты: MS Word процессорында символдарды, математикалық мәтіндерді кірістіруді түсіндіру.
Білімділік: Математикалық формулаларды енгізуді меңгерте отырып сабақта интерактивті технологияны дағдыландыру, оны өмірде қолдана алу дағдыларын және білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың білімін арттыру, MS Word бағдарламасында жұмыс жасауға дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа баулу, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақытын дұрыс пайдалана білуге, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі, тарих, музыка
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіріп көрсету, практикалық деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: ДК, электронды оқулық, интерактивті тақта, слайд, кеспелер, бағалау парақтары
Сабақтың барсы:
І. Ұйымдастыру
а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
б) оқушыларды түгелдеу
в) дербес компьютердің дайындығын тексеру
г) психологиялық дайындық «Сандар сыры»
БІР – тәуелсіздік пен жетістік;
ЕКІ – әдеп, дипломатиялық және жеке қарым - қатынас;
ҮШ – шығармашылық жетістік, әрі өмір қызығы;
ТӨРТ – шектелу, бір орында қалу;
БЕС – жолсапарлар, өзгерістер, әртүрлілік;
АЛТЫ – қызмет, үй, түрлі міндеттер;
ЖЕТІ – талдау, рухани өмір, білімнің өсуі, даналық;
СЕГІЗ – ақша мен билік;
ТОҒЫЗ – махаббат, берік байлам.
ІІ. Өткенді қайталау
Үй тапсырмасын тексеру «Миға шабуыл».
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады
1. Word бағдарламасы құжатында дайын суреттер қалай кірістіріледі?
2. Суретпен жұмыс істеу үшін қандай құралдар үстелі қолданылады?
3. Сурет, Сурет салу, Кестелер мен жиектер құралдар үстелдері жұмыс терезесіне қалай шығарылады?
4. Сурет және Сурет салу құралдар үстелдері батырмаларының атқаратын қызметтерін сипаттап беріңіз.
5. Word құжатында сызбалық мәтінді қандай әмірлермен әзірлеуге болады?
6. WordArt мәнеріндегі мәтін түсін қалай өзгертуге болады?
7. Қандай нысандар Өзкескіндерге жатады?
8. Нысанға қосылған суретті қалай түрлендіреміз?
9. Фигуралардың суретін салатын бұйрықтар жолақтың қандай тіркеме парағына орналасқан?
10. Фигура бетіне жазуды қалай қосамыз?
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Жаңа сабақты түсіндіру
Мәзірдің «Кірістіру» қосымшасының «Символдар» немесе «Формула» әмірін пайдаланып мәтінге дайын формуланы не жаңа формула жазып, оны дайын формулалар тізіміне қосып қоюға болады. Егер «Формула» әмірін тікелей шертсе «Формула жазатын орын» (Место для формулы) ерекшеленеді және «Формуламен жұмыс Конструктор» қосымша парағының әмірлер жолағы пайда болады. Формула жазатын орынның оң жағындағы стрелка «Формула сипаттамалары» деп аталады және оның бағыныңқы мәзірінде: Жаңа формула түрінде сақтау (Сохранить как новую формулу...), Профессиональдық, Сызықтық, Көрсетілетін түрге ауыстыру не Кірістірілген түрге ауыстыру және Теңестіру әмірлері бар. Профессиональдық формула бірнеше деңгейлі түрде, мысалы жазылады, Сызықтық формула бір деңгейде, мысалы, жазылады.
«Формуламен жұмыс Конструктор» қосымша парағындағы әмірлер үш топқа бөлінген: Сервис, Символдар, Құрылымдар.
Сервис тобындағы әмірлер: Формула – стандартты математикалық формулаларды мәтінге ендіру үшін қолданылады; Профессиональдық – формуланы бірнеше деңгейлі түрде көрсету; Сызықтық - формуланы бір деңгейлі түрде көрсету; Кәдімгі мәтін (Обычный текст) – математикалық символдар қолданылғанымен формулаға жатпайтын мәтін; «Формулалар сипаттамалары» (Параметры формул) топтың төменгі оң жақ бұрышындағы стрелка – қосымша сипаттамаларды күйлеу үшін аттас сұхбат терезесін шақырады.
Символдар тобында формула жазуға қажетті математикалық амалдар, қатынастар, грек әріптері бар «Негізгі математикалық символдар» тізімінен тұрады.
«Құрылымдар» (Структуры) тобында бөлшектерді (дробь), индекстерді, радикалдарды, интегралдарды, ірі операторларды (крупный оператор), жақшаларды (скобка), тригонометриялық функцияларды, диакритикалық белгілерді, шек және логарифмді, операторларды, матрицаларды әртүрлі жазу тізімдерін беретін батырмалар орналасқан.
2. Дәптермен жұмыс
Қажетті түйін сөздерді дәптерге жазып алу
3. интерактивті тақтамен, электронды оқулықпен жұмыс
Символдарды кірістіру
Формула жазатын орынды дайындау
Формуладан символдарды кірістіру
Дайын формулаларды кірістіру
Құрылымдар тобымен жұмыс
4. ДК-де практикалық деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей тапсырмалры
№1
1.
2. (1; ) È (9; +¥).
3.
№2
1. -
2. (; +¥).
3.[-4; -1) È(3; 4].
№3
1. .
2. [-7; -2] È [2; +¥).
3. (; 9).
№4
1.
2. (-¥; 1) È (3; ¥).
3. y=
№5
1. )
2. (-¥;1] È[2;+¥).
3. =(2;2;-1
№6
1.
2. (-¥;3] È[5;+¥). (-¥; 1).
3. y=
2-деңгей тапсырмалары
№1
1. 3 х2–х+18=0
2. y=
3.
№2
1. 6х(2х+1)=5х+1
2.
3. sіnx + tg= 0.
№3
1. х5+х4-6х3-6х2+5х+5=0
2.
3.
№4
1. (х+3)(х–4)=–12
2.
3.
№5
1. 2x2–5x–7=0
2. (x + 1) > 0
3. f(x)=
№6
1. 4х2+7х+3=0
2. f(х) = (sіn - 2x)3
3.
ІҮ. Сергіту сәті «Санамақ»
-Адамда қанша бауыр бар?
- Біреу
- Қанша өкпе бар?
- Екеу
- Бір тоқсанда неше ай бар?
- Үшеу
- Есеп шығаратын амал қанша?
- Төртеу
- Күнде оқылатын намаз қанша?
- Бесеу
- Әлемде қанша құрлық бар?
- Алтау
- Бір аптада неше күн бар?
- Жетеу
- Малда қанша жілік бар?
- Сегіз
- Домбыраның пернесі қанша?
- Тоғыз
- Цифрлар қанша болады?
- Он
Міне өстіп жаңалап
Айтып шықтық санамақ.
3- деңгей тапсырмасы
№1
1.
2.
3. log4(x - 2)2 -
№2
1.
2.
3. logx£log
№3
1.
2.
3. log9(9x) × logx = log.
№4
1.
2.
3. lg(x + 1) > lg(5 - x).
№5
1.
2.
3. log3x = log31,5 + log38
№6
1.
2.
3. lg(x2 + 8) < lg6x.
Ү. Бекіту
а)Жазған математикалық мәтіндерін сақтау командасымен сақтайды
б) Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою. Кері байланыс жасау
1. Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін бұйрық қандай?
2. Математикалық формулалармжазу үшін қандай әрекеттер орындалады?
3. Математикалқ өрнектерден тұратын мәтінді теру үшін қандай әсерлерді пайдаланамыз?
г) Оқушылар бүгінгі сабақта қандай дәрежеге жеткенін және сабақ соңындағы көңіл күйін білдіреді.
ҮІ.Бағалау «Бағдаршам»
5 3 деңгей тапсырмасы бойынша
4 2 деңгей тапсырмасы бойынша
3 1 деңгей тапсырмасы бойынша
ҮІІ. Үйге тапсырма
MS Word мәтіндік процессорында математикалық тест жазып келу
ҮІІІ. Қорытындылау
Екі жұлдыз бір тілек
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.08 Mb |
Количество скачиваний: | 11 |