По география на тему "Атмосфера" 6-класс

Предмет: География
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Атмосфера

Атмосфера (ατμός — «ауа» және г σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден,гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәулешашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

Атмосфера құрамы

Атмосфера 3 қабаттан тұрады.ОларТропосфера.Стратосфера.  Мезосфера .

Тропосфера

Тропосфера (көне грекше: τρόπος — «бұрылыс», және көне грекше: σφαῖρα — «шар») - ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабаты. Тропосфера - бүкіл ауаның 45 бөлігі. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады.

Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша өртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10—12 км-ге, ал экватор үстінде 15—17 км-ге дейін созылады. Тропосфераның қалыңдығы:

1.     Экваторда - 17-18 км

2.     Қоңыржай ендіктерде - 10-12 км

3.     Полюстерде - 8 км

Орташа қалыңдығы - 11 км

Тропосферада ауа температурасы шамамен әр 100 м сайын 0,6°С-қа төмендейді. Мәселен, тропосфераның жоғарғы бөлігінің орташа жылдық температурасы солтүстік полюсте — 55°С болса, экваторда бұл көрсеткіш — 70°С-қа төмендейді.

Тропосфера тропопауза деп аталатын өтпелі жұқа қабат (қальңдығы 1—2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты — стратосфераға ауысады.

Мезосфера

Мезосфера (гр. mesos — « ортаңғы» және гр. σφαῖρα — «шар») - атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында.[2][3]

Атмосфераның жылынуы

 

Күн энергиясы — Жер шарындағы тіршіліктің арқауы және көптеген табиғи процестердің қозғаушы күші. Жер шары Күннен жылына 5628 -1021 Дж/см2 энергия алады, бұл жалпы күн энергиясының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана. Соған қарамастан бар болғаны 36 сағ ішінде Күннің Жерге беретін жылуының мөлшері дүниежүзіндегі барлық электрстансыларының жыл бойы өндіретін энергиясына пара-пар болады.

Құрғақ ауа құрылымы[5]

Газ

Көлемі
бойынша, %

Салмағы
бойынша, %

Азот

78,084

75,50

Оттек

20,946

23,10

Аргон

0,932

1,286

Су

0,5-4

Көмірқышқыл газ

0,0387

0,059

Неон

1,818×10−3

1,3×10−3

Гелий

4,6×10−4

7,2×10−5

Метан

1,7×10−4

Криптон

1,14×10−4

2,9×10−4

Сутек

5×10−5

7,6×10−5

Ксенон

8,7×10−6

Азоттың шала тотығы

5×10−5

7,7×10−5

Жоғарыдағы құрғақ ауа құрылымына кірмейтін бөлігі:

Су буы (H2O)

~0.40% атмосфера үстінде, бет жағында жалпы 1%-4%

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 95.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 104

Похожие материалы