Поэзия падишасы мәңгі есімізде...
Предмет: | Русский язык и литература |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Максимова Анаргүл Ыстыбайқызы
|
Поэзия падишасы мәңгі есімізде...
Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген ақын әр оқырманға жақын,әр оқырманмен сырлас болды. Жауһар жырларымен талайдың жанарындағы жасты кептіріп, жаныңа ем, жүрегіне шипа болған ақын жырлары мәңгілік жадымызда қала бермек.Қазақтың қарымды қаламгері,ақиық ақын қызы Фариза- бүгінгі заманның Махамбеті.Жастайынан қазақ поэзиясы мен қазақ әдебиетіне жаңа бет алып келген ақын қатарластарын ғана емес, қазақ және шетел оқырмандарының құрметіне бөленген еді.Қазақ поэзиясының падишасы нені жырласа да именбей, жасқанбай жырлайтын.
Фариза поэзиясы – тұнық тазалығымен,өміршеңдігімен,сұлулығымен халқымыздың аса қымбат,асыл мұрасы болып қала бермек. Ақын артына халқының рухани өміріне өшпес мұра қалдырып кетті.
Біздерді де іздейтін жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз, - деп Мұқағали мұң шаққан Фариза 74 жасынан асқанда ұлылардың соңына ілесіп кете барды.Ал жер бетінде оның екінші өмірі басталды.Поэзия әлемі Фаризаны әлі ғасырлар бойы аңсайтыны сөзсіз.
Анаргүл Максимова,қазақ тілі мен
әдебиеті пәні мұғалімі
«Үстірт орта мектебі» ММ
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.06 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |