ПОЭЗИЯ ПАДИШАСЫ.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:
«Бір ел-бір кітап«акция аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа«шығармасы бойынша поэзия кеші өткізілді.       Мақсаты:Қазақ поэзиясының талантты өкілдерінің бірі Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін оқу,ақынның поэмаларын жатқа айту. Көрнекілігі:Фариза Оңғарсынованың кітаптарынан көрме. «Зула,менің жыр-күймем,шабыт жегіп...«атты фото стенд шығарылды.    Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жыр сүйер оқырман қауым «Поэзия падишасы» - атты поэзия кешіне қош келдіңіздер! Жүргізуші: Фариза Оңғарсынова – халық жазушысы.Ол қазіргі Атырау өңірінде Манаш ауылында 1939 жылы желтоқсанның 25-і күні дүниеге келген.Фариза Оңғарсынова апамыз  1961 жылы Гурьев педагогикалық институтының филалогия факультетін бітіріп,1966 жылдан бастап мұғалім болып,содан кейін ауылдық мектепте директор болып жұмыс атқарады. 1970-1977 жылдар аралығында Фариза апамыз  «Қазақстан пионері» атты республикалық газеттің  редакторы қызметін атқарады.1978 жылы «Пионер» журналының бас редакторы болды.1996 жылы депутат болып сайланады. «Құрмет белгісі», Қазақстан  Президиумы Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталады.ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Фариза апамыз өзі жайлы былай деп үн қатады: оқитын Қалимеденова Жансая. Жүргізуші: Фариза апамыздың шығармашылығы  жайында  айту – қазіргі кезде жетістік – табысымыз бен ізденіс-барлауларды,әдебиет тарихы мен халқымыз,қала берді,әлемдік әдебиет пен адами көркемөнерді жете меңгерген жанның жүрек жүрісі мен жүрек лүпіліне жете мән беру болып табылады. Поэзия  алпысыншы жылдардың екінші жартысынан бері толастамай талпынып,кібіртіктемей өзгелермен жарысып,жарыса шауып бәйге алған,көпшілікті елең еткізіп,кейбіреулерді қалың ойға қалдырған Фариза апаның «Сандуғаш» туындысынан бастап, «Маңғыстау маржандары», «Көгершіндерім», «Сұхбат», «Дауа», «Қыз ғұмыры» жинақтары көп нәрседен хабар берер дүниелер. «Дауа» өлеңі оқитын Гумарова Қаламқас. Жүргізуші: Фариза  апамыз өзі туып өскен өлкенің кешегі және бүгінгі өмірін,адам еңбегін,әкесі мен анасына деген ұлы махаббатын,достық пен сүйіспеншілікті жырлады. Анасы халқымыздың аңыз-жырларымен,өлеңдерімен сусындатқан.Қыстың ұзақ кештерінде оның балаларға  кітап оқып,халқымыздың ескі жырларын жаттап өскен.Осындай халқымыздың құнды жәдігерлерінің бағасын жоғалтпай,сақтаған ару өз өлеңдеріне осы құндылықтарды арқау етеді. Соның бірі «Оюлар» өлеңі » оқитын  Ұлықпанова Әсем Жүргізуші: Фариза апамыздың  шығармашылығында кездесетін тағы бір ерекшелік- тәуелсіздік.Ақын жырына арқау болған қазақ даласының батыры,өткен жүзжылдықты шаруалар көтерілісінің көсемі-ақын-жауынгер Махамбет бабамыз.Фариза оның турашыл,намысшыл,маржандай тазалығын,қайсар шығармашылығын пір тұтады. 9 ғасырдың шындық үшін қасық қаны қалғанша аянбай қара қазақтың бостандығы үшін соғысқан,жыр-жебесін байларға қадаған Махамбет бабасының ізін жалғастырған қазақ әйелі десе бірі сеніп,бірі сенбесі аян.Сыр келбеті нәзік,сезімтал әйелдің қайсар,ержүрек батыр-ақынға үн қосуы таңғалдырмай қоймайды.Соның бірі «Поэзия» жырынан үзінді тыңдасақ. «Поэзия» өлеңін оқитын Сағынғалиева Айкөркем. Жүргізуі: Дархан да байтақ Туған жер,Отан тақырыбына тоқталмаған ақын кем де кем десек артық айтқанымыз болар.Туған топыраққа тағзым ретінде жазған Фаризаның да өлеңдері баршылық: Олар «Жайлау таңы», «Ей құм Нарын»,«Ауыл», «Туған жер», «Менің туған ауылым» сынды өлеңдері. «Туған жер» әні орындайтын Исатаев Оралбек Жүргізуші: Фариза апамыз Абай атамыз, Мұқағали ағамыздай  сынды ақындардың артта қалған тұяғы,ол өмірде кездесетін қатыгездік,әділетсіздік жайында өткір ойларын жырға қосады.Ол әрбір сөзін қылыштың оғындай ұшқыр қиыстырады.Фариза жырлары автордың көп ойлауынан,қоғам шындығы мен өз басының мұңды күйлерін түйіндестіре толғаудан туған.Оның ойлары халықтың жарқын тіршілігі,адалдық,әсемдік туралы арман-мұратқа ұмтылады.Бірақ оған жетудің жолы оңай емес.Адам баласы өмір бойы осы ізгі арман үшін күресіп келеді.Фариза ақын басына жиналған ой да,одан туындайтын мұң да осының жалғасы.Сондықтан ол өмірдің,адам жанының күрделігін жырлайды,өзін налытқан жайларды өлеңіне арқау етеді.Сондай өлеңдерінің бірі Дыбыстар әлемі поэмасы осы поэмадан үзінді «Адам дауысы» өлеңі оқитын Елеуова Бақытгүл. Жүргізуші: Фариза апаның поэзиясында шабыт беретін еліміздің әсем де, бай шұрайлы табиғаты десек артық айтпаймыз. Әсем табиғатты адам өз қолымен құртып жатырған жағдайлар да ақын жүрегіне инедей батады.Сондай  тақырыпта жазған жырларының бірі «Арал» өлеңі. оқитын Қанаева Балнұр Жүргізуші: Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады.Сондай шабытпен Фариза апамызға өлең жолдарын арнаған ақындарымыз аз емес.Соның бірі Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» арналған өлеңін оқитын Сұлтанова Ақбөбек Жүргізуші: Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып,халқының сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға,поэзия падишасы атанған Қазақ халқының жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иесі,биылғы жылдың ел болып оқитын «Бір ел-бір кітап» акциясының басты тұлғасы болып таңдалып отырған Фариза апамыздың  шығармашылығына арналған әдеби кешіміз аяқталды.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 148.06 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 123

Похожие материалы