Портфолио: В2 есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Предмет: Физика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Бұл бағдарламаның негізгі принципі мұғалімдердің іс-тәжірибесін, педогикалық шеберлігін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. «Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды» Қазіргі жеткен жетістігімізде қалып қоймай өркениетті елдердің іс-тәжірибесінен өзімізге ыңғайлап алғаның ешқандай оғаш нәрсе жоқ деп ойлаймын. Бұндай тәжірибе бұрында болған және болада береді, бұл дегеніміз дәстүрлі сабақтан бас тарту деген сөз емес. Қайта дәстүрлі сабақты , қазіргі заманауи сабақпен ұштасырып дамытып қазіргі өскелең ұрпаққа сапалы білім беру. Қазіргі біздің пайдаланып отырған бағдарлама тек қана Ұлыбритания ғана емес бүкіл әлемге танымал және өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сондықтан біздің ұтыларымыздан ұтарымыз көп деп ойлаймын. Басында бағдарламамен танысқан кезде бізге осының не керегі бар деп ойлағам, бірақ оқығанды практикамен ұштастырған кезде өзімнің қателескінімді ұқтым және менің өмірлік қағидама сай келетінін түсіндім. «Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алынған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген». 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 29.63 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 88

Похожие материалы