Поурочные по казахскому языку 11 класс

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Күні: 27.11.14ж   11- сынып 

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров. «Күйші» поэмасы Сыныптан тыс оқу
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығы мен өмірінен мәлімет бере отырып, «Күйші» поэмасының мазмұнынын түсіну. Поэмадағы Күйші бейнесін ашады, халқымыздың күйшілік өнері туралы мағлұмат алады. 
2. «Рөлдік ойын әрекеті» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі оқыту дағдысын жетілдіреді. Шығармаға кешенді және аннотациялық талдау жасай отырып, сараптамалық біліктіліктерін арттырады. 
3. Еңбекқорлық, топ ішінде жұмыс жасай отырып жауапкершілік қасиетіне, топ ішіндегі және басқа топ оқушыларын тыңдай білу, басқаның пікірін сыйлау, қолдау қасиеттерін игереді. «Күйші» поэмасының негізгі идеясын ұғына отырып, ұлттық мақтаныш күй өнерін құрметтеуді үйренеді. 

Сабақтың тегі: 
Сабақ түрі: Комбинаторлық инновация 
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, талдау, модельдеу (рөлдік ойын әрекеті) 
Сабақтың көрнекілігі: Ктаптар, плакаттар, маркерлер, фотосуреттер т.б. 
Сабақ барысы 
1. Ұйымдастыру сәті 
Балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ өнерінің асыл қасиеттері туралы толғап жырлаған, қазақ өлеңінің Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасын талдап, түсінеміз. 
Бүгін сабақта 5 топ жұмыс жасайды. Қазір балалар, біз жұмыс барысында атақаратын қызметімізді белгілеп алайық. Сабақ барысында Құрманғазының күйі баяу ойналып тұрады. 
1- Топ. Түсіндіруші 
Поэма желісі бойынша өздеріне ұнаған бөлімдері туралы айтып, талдау жасайды.Талқыға немесе сараптамаға жататын тұстарымен топта ашық әңгімелеседі. Босқа топтармен бөлісетін тұстарын ортаға салады. 

Критерийлері: 

 



2- Топ. Байланыстырушы 
Поэма желісін бүгінгі өмірмен байланыстырып сөйлейді. Бұл оқиғаларға өздеріңнің жеке өмірлеріңізден, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа жерлерде естіп, білгендерін айтуға болады. Басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіңіз, тобыңызбен бөлісіңіз және талқылаңыз. 
Критерийлері: 

 



3- Топ. Белгілеуші 
Поэмаға көз жібере отырып оның тақырыбы мен идеясына қатысты 3-4 сұрақ дайындайды. Олар қызықты, ой тудырарлық маңызды болуы қажет. Бөлімдерді топта оқып, талдау жасаңыз.Беттер нөмері немесе кейбір маңызды мәселелерді жазып алады. Сұрақтарын басқа топтарға қойып, жауап күтеді. 
Критерийлері: 

 



4- Топ. Суреттеуші 
Поэма сюжеті бойынша нақты немесе абстрактілі сурет слады. Өз ойлары мен қиалдарын бейнелейді. Поэма мазмұнын немесе идеясы туралы өзіндік көзқарасымен білдіреді.Топта талдайды, қорғайды. 
Критерийлері: 

 



5- Топ. Қорытындылаушы 
Поэманың қрылымы мен сюжеттік оқиға желісіне қарай қорытынды жасайды. Қорытындыда аталмаған маңызды бөліктерге тоқталады. Әр тотың жұмысына баға бере отырып, өзіндік пікірлері мен пайымдауларын білдіреді. 
Критерийлері: 

 



«Елес жетелеу» стратегиясы. 
Үйде поэма желісіндегі өзіне ерекше ой салған, өзін толғандырған оқиғаға эссе тақырыбын шығарып, пайымдық эссе жазып келеді.ен оқушы жұмысын бағалау және топқа баға беру

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 68.62 Kb
Количество скачиваний: 36
Просмотров: 144

Похожие материалы