Поурочный план по казахскому языку в 4 классе на тему "Спорт. Салауатты өмір салты"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Шипин Мухаметкали Мырзагалиевич
|
Шипин М.М.
Қостанай қ.
№2 мектеп – лицейі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Спорт. Салауатты өмір салты.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Суретпен жұмыс жасау арқылы,сұрақьарға жауап беру арқылы салауатты өмір салты.тақырыбымен таныстыру. Сурет бойынша сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Дамытушылық: оқушының жазба тілін дамытуға,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау формасының қалыптасуына, ой қорытысын жасауға Салауатты өмір салты туралы сурет бойынша әңғіме құрастыру, оқушылардың сөздік қорын молайту. Сөздерді дұрыс айтуға, сөйлемдерді дұрыс құрастыру арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Сабаққа, қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру әдісі.
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Жабдықтау: мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.Кезекшінің мәліметі:
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Көктем айлары қандай?
3. Қазір қандай ай?
4. Бүгін нешесі?
5. Бүгін ауа райы қандай?
6. Ауаның температурасы қандай?
Сабақтың ұраны: «Бір сөз болса да, дауыстап айт,
Ең бастысы – үнсіз қалма.»
ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ – жауап.
-Оқушы-оқушы.
-Мұғалім-оқушы: -Қыс қандай жыл мезгілі?
-Қыс айлары қандай?
-Қыстың бірінші айы қандай?
-Соңғы айы қандай?
-Қысқы ауа райы қандай?
-Саған қыс мезгілі ұнайды ма? Несімен?
-Қандай мерекелер болады?
-Жаңа жыл мерекесі туралы не білесің?
« -Қыс» туралы қандай өлең білеміз? Оны кім жазды?
-Монолог «Қыс», «Жаңа жыл» бір-бір сөйлемнен айтқызу.
ІІІ. Өткенді қайталау.
Грамматика саласы бойынша әңгімемізді жалғастырамыз:
(Бір-бір сөйлемен: фонетика саласы бойынша не білеміз?)
-Фонетика деген не? (Ол тіл білімінің бір саласы)
-Нені зерттейді? (Әріп пен дыбыстарды зерттейтін ғылым)
-Неше әріп бар?
-Неше дауысты дыбыс бар?12
-Неше дауыссыз дыбыс бар? 25
-Дыбыстар қалай бөлінеді?
-Дауыстылар қандай болады? (Тілдің қатысына қарай: жуан және жіңішке)
-Жақтың қатысына қарай? (Ашық және қысан)
-Еріннің қатысына қарай? (Еріндік және езулік)
-Дауыссыздар қалай бөлінеді? (Ұяң, үнді, қатаң)
-Жалғаудың неше түрі бар? Қандай? (4 түрі бар: көптік, септік, жіктік, тәуелдік)
-Буынның неше түрі бар? «3 түрі: ашық, тұйық, бітеу)
-Сөз таптарын ата. (Зат есім, сын есім, етістік, есімдік,үстеу, шылау)
-Етістіктің шақтарын ата. (Осы шақ, келер шақ, өткен шақ)
ІҮ. Жаңа тақырыпты еңгізу.
1.Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру:
-Білу керек:
-Істеу керек:
2. Жаңа сөздермен танысу:
а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.
в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.
3.Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
Салауатты өмір салты
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетеді. Балалық шақтан бастап дене шынықтырумен, спортпен айналысу керек.
Салауатты өмір сүру салты адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Салауатты өмір сүру салты шаруашылық, күнделік үй тұрмысы, өзін-өзі ұстай білуі, қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз айтпау, кез-келген адамдарды жамандамау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.
Адамдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі болмайды. Болу керек деп айту да дұрыс емес. Әр адам өзіне тән калыптасқан өмір салтымсн тіршілік етеді. Ол ұрпақтан ұрпаққа «ген» арқылы беріліп отыруы мүмкін.
4.1-5 сөйлемдерге сұрақ қою. Салауатты өмір салты.
5.Өтеді-өту етістігін 3 жақта жіктеу.
Ү. Сергіту сәті.
Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық
4. Ойындар.
«Кім тез айтады?»
«Кім көп біледі?»
УІ. Сабақтың қорытындысы: Қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық? Не істедік?
УІІ. Бағалау.
УІІІ. Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, мәтінді мазмұндау
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 72.5 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |