Здесь была ссылка на работу Правительство Алаш Орда автора Дуйсалиев Армат Саматович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Алаш-Орда үкіметі Алаш үкіметін құру мәселесі 1917 жылы шілденің 21-28-інде Орынбор қаласында, жалпықазақтық I съезде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқыға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды. «Русия демократическая, парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс-ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» деп, ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 бабтан тұратын қаулы қабылдады. Ең мықтап айта алғандары: «Қазақ халқы өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін». Осындай дұрыс ой-пікір күні бүгінге дейін күшін жойған жоқ. Алашорда автономиясын, оның конститиуциясын бүкіл Ресейлік құрылтай съезі бекітуге тиіс еді. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы 1917 жылы «Қазақ» газетінің 251-санында жарияланды. «Алаш» партиясы бағдарламасы 10 баптан тұратын саяси құжат, онда қазақ елінің ұлттық тілек-мақсаттарының негіздері баяндалды, яғни автономияның мемлекеттік үкімет билігінің түрі «федерациялық республика құрамындағы дербес мемлекет» ретінде анықталды. Бұл бағдарлама, сонымен қатар сайлау жүйесін де, дінді мемлекеттен бөлуді де, сот істерін белгілі бір жерде жинақы құрып, көпшілік болып табылатын халықтың тілінде жүргізу, әскер құру мен салық салу ісін ұйымдастыру және жерге мемлекеттік меншікті орнату сияқты тағы басқа шараларды да қамтыды. Алаш автономиясының 15 қазақ азаматы сайланды: Уәлихан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұхамедов (Орал қаласы), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Ахмет Бірімжанов (Торғай облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы); облыстардан тыс Алашорда құрамына Әлихан Бөекйханов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақтыгерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшесіне орынбасарлар болып, қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітіледі. Әлихан Бөекйханов Алаш автономиясының үкіметі – Алашорданың төрағасы болып сайланды. Алашорданың уақытша ұлт кеңесінің басшы құрамына сайланғандар Халел мен Жанша Досмұхамедовтер 1918 жылғы көкектің 2-сіне дейін Мәскеуде автономия алу жөнінде В.И.Лениннің қабылдауында болды. Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, Ә.Ермекотер В.И.Ленин және И.В. Сталинмен Қазақ автономиясының жер көлемі, шекарасы туралы келіссөз жүргізді. «Қазақ» газетінің 1918 жылғы 30 шілдеде шыққан 262-санынды «Заречная свободада Алаш орда хүкіумәтінің іске кіріскені» туралы телеграмма басылған. Сонымен қатар 1918 жылы мамырда Оралда өткен қазақ съезінде Жанша мен Халел Досмұхамедовтер бастаған «Орал уәлаятының» уақытша үкіметі (провинциальное правительство) жариялаған, ол сол жылы 26 шілдеде Жымпиты қаласына барып орналасқан. Бірақ Алашорданың батыс бөлігі жеке ұйым деп есептелмеген.алашорда автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов Алашорданың батыс бөлімін құру жайлы іс қағазына қол қойған, бірақ Алашордада заңды түрде мұндай бөліну болмаған.Осының бәрін ескере отырып, «Алашорданың батыс бөлімін жеке ұйым деп есептеуге болмайды» - деп жазды Қырғыз өлкесін басқарушы әскери-революциялық комитеттің мүшесі С.Меңдешов. Қырғыз өлкесін басқарушы әскери-революциялық комитеттің коммунистік фракциясының басшысы Пестковскийге 1920 жылы 23 ақпанда жазған еңбегінде. Ә.Бөкейханов және сол кезеңде зиялы қауымның басқа да өкілдері жетекшілік жасаған Алаш пен Алашорда Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық және халықтық бірлік принциптеріне сүйенді. Мұндай бағыт әдетте аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алаш көсемдері мен алашорда үкіметінің басшылығы 1917 жылғы Қазан революциясының ұрандарын, кеңес үкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады, оларға қарсы шықты. Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 ж.ж.) Алашорда кеңес үкіметіне жау күштермен одақтас болды.сондықтан азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес үкіметі алаш пен Алашорданы тарих сахнасынан кетірді.Кеңес үкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдістерін де, қару жұмсап күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919 және 1920 жылдары) Кеңес үкіметі Алаш қозғалысына қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, азамат соғысынан кейінгі 7-8 жылда Қазақстан ғылымының, оқу-ағарту ісінің, әдебиеті мен өнерінің, халық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан ұлттық-демократиялық интелегенция өкілдерін, ең алдымен Алаш пен Алашордаға жетекшілік жасаған қайраткерле, түгелге дерлік жалағн жаламен «халық жауы» аталып, сталиндік әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандары болған, ал олардың ғылыми және әдеби мұрасы халықтан жасырын жағдайда ұсталды немесе жойылды. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық-демократиялық интеллигенцияның алық таныған көсемдерінің есімдері халыққа қайтарылып, олар қалдырған рухани мұра қалың жұртшылықтың игілігіне айналды.