Презентация ана тілі тақырыбы:Халық қорғаны(Ел аузынан)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Халық қорғаны ( Ел аузынан)

Сабақтың мақсаты:Оқушыға қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру.

Өлеңдегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету. Оқушылардың логикалық ойлау, сөйлеу дағдысын жетілдіру.

Көрнекілігі: Қазақ батырлары, қару-жарақ суреті, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Өзімді таныстыру (Мұнайлы ауданындағы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Коптерева  Базаркан, бүгінгі сабағыңызды мен өткіземін. Сабаққа жақсы, белсенді қатысып отырайық.)

 

ІІ. Тұсау кесер:  Психологиялық дайындық:  " Бабалар жыры"

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ой шақыру:

-Балалар, суретте кімдер бейнеленген?
- Батыр деп кімдерді атаймыз?

-Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз.      Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Алпамыс, Қобыланды, Амангелді, Исатай, Махамбет деген көптеген батырларымыз бар.

- Ақ боз атқа  мінген батырды  кім деп ойлайсыз?

Қазақ батырлары неліктен атқа қонды деп ойлайсыз?
Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батыры Қаракерей Қабанбаймен  танысамыз.

а) Мағынаны ашу. " Сен білесің бе?"

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі —Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.

Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, “Қабан батыр”атанды.

ә) Оқулықпен жұмыс. 

 Мәтінді түсініп, " Тақия тастау" арқылы тізбектей жалғастырып оқу.

б)Сөздік жұмыс.

Шұбырынды- қорғансыз, панасыз есеңгіреген халық

Жасақ- әскер

Ақылгөй- ақылды, ақыл беруші

Жарақ- құрал, қару

Жарым- бірлі-жарым, аздаған

Пырақ- жүйрік ат, тұлпар

Мәтінмен жұмыс. Тауып оқы.Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Осы жолдарды тауып оқы.

ІҮ. Қорытынды: а) Рефлексия.  Не үйрендім?

 

 

             

 

 




 

 

 

 

 

             

 

 

 

 


Осы теңеулердің мағынасын өз сөзіңмен түсіндір.

Ашық сұрақтар:

-Бүгін не жайлы өттік?

- Сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма?

ә) Бағалау.

- Жинақталған жетондар саналып, жиынтық баға қойылады.         

 б)Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеу; Бұқар жыраудың жыр-өлеңін жаттап ал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.48 Mb
Количество скачиваний: 39
Просмотров: 198

Похожие материалы