Презентация «Ер есімі – ел есінде»
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жумагазиева Альфия Танатаровна
|
Сынып сағатының мақсаты:
Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Өткізілу барысы:
1. Кіріспе
2. «Жеңіс күні» Баяндама
3. Ақсақалдармен сұхбат
4. Соғыстан қайтқан солдаттар!
5. Отан үшін от кешкендер (ауыл ардагерлері туралы мәлімет.)
6. Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды! (оқушылардың шығармашылығы)
7. Қорытынды
Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.64 Kb |
Количество скачиваний: | 72 |