Презентация к учителям "АКТ" құралдары

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

 

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында алдағы он жылдың міндеттерін саралап көрсетіп, соның ішінде осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануға қатысты ойларын айтқан. 
Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалық қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы педагог мамандардың құзыреттілік сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр. 
Мысалы, Болон процесі оқытудағы білім, білік, дағдыға қоса құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырған қажеттілік деп бағалайды. 
Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі. 
Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа көрсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда.
Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. 
Ғалымдар құзыреттіліктің табиғатын түсіндіру мақсатында оны білім, білік ұғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н. Кузьмина, А.Маркова, К. Махмурян, т.б.) немесе ерекше қабілеті (ДЖ. Равен, Р. Уайт, Х. Хершген, т.б.) деп түсіндіреді.
Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті тұрғы білім берудің практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретінде ахуалы. Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін қарым-қатынас, педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі – кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі – іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.
Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Қазіргі кезеңде болашақ маманның кәсіби құзыреттілігінің даму үрдісіндегі мазмұны мен құрылымы анықталды. Олар: деңгейлік, міндеттік, профессиографиялық.

Педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың 8 деңгейiн қарастыруға болады (2- сурет):
1.Пәндiк - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
2.Аналитикалық бақылау - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
3.Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
4.Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi. 
5.Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
6.Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
7.Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi. 
8.Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Осыдан барып жетіктік іс-әрекеттің формасы, үлгісі (идеалы) ретінде көрініс табады. «Жетіктік» адамның білімі, білігі мен дағдыларының қолдану саласын белгілейді. Құзырлылығы қалыптас-
қан маман – кәсіби қалыптасу барысында жетіктік үлгісіндегі мақсатқа ұмтылуда белгілі бір міндеттер жиынтығына ие болатын маман.
Профессиограмма (латынның Professio - мамандық + Gramma - жазба) – кез-келген мамандықтың жүйелі белгілері, яғни белгілі бір мамандықтың талаптарына сәйкес келуі. Профессиограммада сол қызмет аумағындағы психологиялық белгілер мен тәртіп ерекшеліктері де кірістірілген. Профессиограмманың 70-жылдардың бас шенінде Ю.С. Алферов пен Е.Г. Осовский ұсынған мынадай құрамын қарастыруға болады:
1.Еңбек мазмұны;
2.Кәсіби іс-әрекеттің түрлерін сипаттау;
3.Білім, білік және дағдыларының көлемі;
4.Психофизиологиялық талаптар (белгілі бір еңбек функцияларын орындауға қабілеттілік пен икемділікті игеруге жол ашатын, дербес және жауаптылықпен әсер етуге мүмкіндік беретін психикалық ахуал);
5.Біліктілікті көтеру мүмкіндігі;
6.Еңбекке моральдық ынталандыру түрлерінің тізбесі, қызығушылығы;
7.Осы мамандыққа дайындайтын оқу орындары.
Дж. Равеннің тұжырымдамасы кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың ішкі және сыртқы шарттарын жасау, кәсіби маман тұлғасын тәрбиелеу мәселелерін қарастырады. Құзыреттіліктің жетекші компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсатын орындауға көмектесетін қырыққа жуық сипаты мен икемділігін атайды. 
Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.

 

 

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 75.71 Kb
Количество скачиваний: 186
Просмотров: 346

Похожие материалы