Презентация мектепалды даярлық топ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Ойын – мектепке дейінгі жастағы  балалардың негізгі іс - әрекетінің бір

түрі. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын барысында балалар  дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын парасаттылығын  дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау,  мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді.  Дидактикалық ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды,сабаққа деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында балаларды жаңа қырынан тануға болады, бала өз ойын,өз пікірін білдіреді, бір – бірімен тез қарым- қатынасқа түсіп, жағымды эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді.Мысалы: Логикалық тізбек ойындар логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс- қимылдар     

 

 

жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына мақсатты түрде білім беру мамандарының, ата- аналардың, балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет. Балалар ойыны заттық – қол қимылдың даму жолынан бастап Мысалы: «Ермексазбен жұмыс», интеллектуалды даму ойына дейін жетеді. Ойын дамудың негізгі рөліболып табылады. Бұл ойындар арқыл баланың интеллектуалды  дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. Мысалы, «Суреттерді есте сақта», «Керекті фигураны тап», «затты сана және жаз», «көршісін тап», «Суретті боя», «Сурет бойынша өлеңді жаттап ал» т.б «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін де қалыптастырады. Қорытып айтқанда, балаларды интеллектуалды  дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге,оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді. Топтағы тәртіп бұзатын, сабаққа зейін қойып тыңдамайтын балалардың намысына тимей, жағымсыз қылықтар жайындағы шығармаларды сурет аркылы әңгімелеп, талдау және керісінше тәртіпті баланың жағымды   қылықтарына сәйкес балаларға әңгіме құратамын.

 Қай бала болмасын жағымсыз қылықтан жиреніп, әңгіме барысында, біртіндеп жағымды бейнелерге еліктейді. Көркем шығармаларды оқу, сурет арқылы әңгімелеу барысында, біртіндеп топтағы балалардың өздері – ақ байқағыш, реттегіш бола бастайды. Күнделікті білім беру, еңбекке баулу ойындарын ұйымдастыру кезінде әрбір баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етуі тиіс, сонда ғана баланың танымына жағымды әсер болады.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 17.67 Mb
Количество скачиваний: 55
Просмотров: 438

Похожие материалы