Презентация на тему "Мемлекеттік рәміздер - ел мақтанышы" (8 класс)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

 

Мақсаты: Оқушыларды Отаншүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына ,халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге , халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

 

 

 

Көрнекілігі: Рәміздер, өлең жолдары, ұлттық дәстүрімізді сипаттайтын көрме.

 

 

 

Барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. (Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады)

 

 

 

Мұғалім: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезінде шығарылып отырған. Тудан айырылу- өліммен бірдей болған. өздеріңізге белгілі, қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын- қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз: Төле бби, Қазыбек би, Әйтеке би хан ордасында кездескеннен кейін, Әбілқайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.

 

Мұғалім: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» конституциялық заң күші бар Жарығының 3- бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай- ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбас мен Әнұранынқастерлеуге мінднтті»,- делінген.

 

            1992 жылдың 4- маусымы- тарихи күн.сол күні Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының мелекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.1992 жылы маусымның 5-інде Алматыдағы опера және балет театрында ашық аспан реңдес байрақтан күн мен қыран бүркіт жарқырап көрінді. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп, тағзым етті, Ту құтты орнына қондырды. Елбасы өзінің сөзінде : «Өренгі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!»- деп, тебірене айтты.

 

            Оқушы: Матасы қандай, матасы көк түстерден таңдалған,

 

Қазақтың ою- өрнегі, қыраны және самғаған.

 

Күн күлімдеп, әлемге төніп тұрған арай – нұр,

 

Туымды менің көргендер, қызыға қарап таңданған.

 

Оқушы: Мемлекеттік ту- зерен көк түсті, тікбұрыш мата. Ені ұзындығының жартысына тең. Ортасына жан- жағына нұрын шашақан күн бейнесі мен қанатын қағып самғап келе жатқан қыран бүркіт суреті салынған, ал тудың сабын бойлай тігінен алтын  зерлі ұлттық өрнек тартылған. Зерен көк түс тудың негізгі нышандық белгісі ретінде бекер таңдалмаған. Ол адалдық, тазалық және сенім деген ұғымдарды білдіреді. Бұл киелі түс- бірлік пен ынтымаққа шақырып, барлық халықтар үшін әманда тыныштық, бейбітшілік пен береке символына айналған ашық аспанды еске  салатын реңк. Аспан көк  тус қазақ халқының ұлттық реңі деп саналады.

 

 

 

Мұғалім: Көшпелілер үшін табиғат қашанда тек тіршілік ұясы ғана емес, олардың бүкіл өмірінің ажырамас бір бөлігі болған.төбесіндегі көк аспан, айнала қоршаған алып таулар, мөп- мөлдір өзен суы, көкжиекпен астасқан сағым дала- бәрі- бәрі қазақы дүниетанымда тек көкшулан түсті болып келеді.

 

 

 

Оқушы: «Көк» (голубой) сөзінің көне түркі тіліндегі бір мағынасы «шығыс», «шығыстық» деген ұғымға сәйкес келеді. Яғни, тудың түсінен  белгілі бір нақты жағрапиялық ақпарат та алуға болады. Ол геральдика (елтаңбалау) тілінде бүкіл әлемге Қазақстан жер шарының шығысында орналасқандығын, Ұлы дала өркениетінен бастау алатын, тамыры  тереңде жатқан шығыс мәдениетінің өкілі екендігін баян етіп тұрғандай.

 

Оқушы: Күн бейнесі – байлық пен береке белгісі. Оның графикалық көрінісіне айналған шеңбер- адамзат тіршілігінің, өмірдің символы.

 

            Далалық өркениет дүниетанымында қасиетті аспан шырағы- Күн аса маңызды бағдарлық мәнге ие. Кеңістік және уақыт ұғымдары, мысалы, номадтар өміріне күн қозғалысын бақылау  тәжірбиесі арқылы енген.

 

            Мемлекеттік рәмізіне күн бейнесін салу арқылы қазақ елі өзінің жалпы азаматтық құндылықтарға ортақтастығын және халықаралық қауымдастықтың айнымас бір бөлігі екендігін аңғартып тұр.

 

 

 

Оқушы: Қыран бүркіт- биліктің, көрегендік пен дархандықтың нышаны. Әдетте, рәміздерге суретін салған кезде оның жыртқыштық кейпі мен ызғар шашып тұрған сұсты кескінін бейнелеуге  ұмытылу дәстүрі бар. Сол арқылы күш пен  қуат артықшылығы идеясы берілді деп есептелінеді. Қазақ елінің туында бұл образ мүлдем жаңа көркемдік шешім тапқан. Біріншіден, суреттен салмақтылық, бейбіт аңсар аңғарылады. Екіншіден,  ол күннің астында орналасқандықтан, өз қанатының үстінде Бақыт шырағын арқалап алғандай әсер қалдырады. Үшіншіден, ол қоғалыс үстінде бейнеленген- биік мұратқа құлаш ұрып, самғап барады. Бұл – қазақстандықтардың  бақыт пен байлыққа, өркениет шыңына ұмтылысының белгісі.

 

            Қыран бүркіт образы қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жоғары аңсау, жан дүние кеңдігі, асыл мұрат, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады.

 

 

 

Оқушы: Қазақ ою- өрнек- дүниені қазақ  халқының өзіне тән өзгеше, эстетикалық талғамына сай ерекше, көркемдік тұрғыдан тану тәсілдерінің бірі. Ол аса күрделі астарлы формалар, сызықтар мен ырғақтардың үйлесімі, сұлу жарасымы ретінде адамның ішкі жан- дүниесін айрықша ашып береді. Ұлттық ою- өрнектердің айшықтары қоршаған ортадағы нақты заттар мен сан алуан  табиғи құбылыстарға негізделеді.

 

            Егемен ел туындағы әсем өрнек – қазақ халқының сан ғасырлар бойы асыл арманы, ұлттық ұлы мұраты болып келген мемлекеттік тәуелсіздік идеясының жүзеге асқандығының тағы бір жарқын айғағы.

 

            Халық биі «Қара жорға» орындалады.

 

            Мемлекеттік тудың авторы суретші Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков туралы әңгімелеу.

 

Қорытындылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 ЖОББМ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Елдігіміз бен ерлігіміздің                                                     

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.13 Mb
Количество скачиваний: 113
Просмотров: 259

Похожие материалы