Презентация по физике на тему "Архимед заңы"(7 класс)

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы:              §44. Архимед күші.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                 Тәжірибелер арқылы Архимед күші туралы ұғымды қалыптастыру.

 

Дамытушылық:       Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен белсен-ділігін арттыру, өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу

 

Тәрбиелік:                  Тәжірибе нәтижелерін қорыта білуге, есептер шығаруға дағдыландыру.

 

Пәнаралық байланыс: физика – информатика – тарих.

Сабақтың түрі: аралас,демонстрациялық көрсетілімдер.

Көрнекіліктер: слайд, видеоролик

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, журнал толтыру;

2) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.                 Манометрлердің неше түрі бар және оларды ата?

2.                 Бетке әсер ететін қысымды қай формула арқылы есептейді?

3.                 Атмосфералық қысымды өлшеудің тәсілін қай ғалым ұстанды?

4.                 Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі қандай?

5.                 Барометр қай тілден енген сөз?

6.                 Адамның қан қысымын өлшеуге арналған құрал қалай аталады?

7.                 Атмосфера деген не? Оның құрамы қандай?

8.                  Атмосфераның негізгі қабаттарын ата

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тәжірибе:

Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.

Мұғалім: Доп неге су бетіне ытқып шығады?

Жауап: Өйткені допқа күш әсер етті.

Мұғалім: Жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.

Мұғалім: Сол ыдысқа ілмегі бар блокты (жүкті) салайық. Дене батып кетеді. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?

Жауап: Оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Мұғалім: Блокка ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, блокты динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін блокты сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

 

Жауап: Блокты суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.

Мұғалім: Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.

Мұғалім: Бұл күш қалай қарай бағытталған?

Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.

 

    

     

 

       

 

IV.Есептер шығару.

№1. Суға көлемі 100см3 болатын дене  батырылған. Осы денеге  әрекет  ететін    ығыстырушы  күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы  1000кг/м3.

№2. Оқулықтағы денелердің  қайсысына су ішінде  көбірек  ығыстырушы күш  әрекет  етеді?  Егер осы денелерді  керосинге  батырсақ, онда  ығыстырушы  күштің         шамасы  өзгере  ме?  Неліктен?

№3. Керосинге  массасы  500г темір  кесегі  батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар (темірдің  тығыздығы – 7900 кг/м3, ал  керосиндікі – 820 кг/м3).

 

V. Бекіту сұрақтары:

1. Дененің батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең күш?                                                                                                                                                     (Ығыстырушы күш).

2. Батырылған денені ығыстырып шығаратын күш?             (Архимед күші).

3. Архимед күшінің таңбалануы?                                             (FA).

4. Архимед заңының математикалық өрнегі?                         (FA=ρc gVд).

 

VI. Қорытындылау.

Оқушылардың үй тапсырмасын айтып, сабаққа белсене қатысып, есеп шығарған оқушыларды білім деңгейіне қарай бағалау.

 

VII.Үйге тапсырма:

 

«§44. Архимед күші» тақырыбын оқып,  29-жаттығудың №4, 5 есептерді шығарып, сөзжұмбақ құрастырып келу.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 1.52 Mb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 192

Похожие материалы