Презентация по физике на тему "Электрический ток в различных средах"

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақ жоспары

Пәннің аты: Физика

Сыныбы: 8-сынып

І. Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі ортадағы электр тогы

ІІ. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әр түрлі орталардағы электр тогы туралы мәліметтер беру. Практикалық дағдыларын арттыру.

ІII. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

IV. Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша

V. Сабақтың көрнекілігі: презентация,есептер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-2 минут.

2. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

3. Өткен тақырыпты қайталау: «Өз үйіңді адаспай тап» ойыны

4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

Ø Металдардагы электр тогы.

Ø Электролиттердегі электр тогы.

Ø Газдардағы электр тогы.

Ø Электролиттік диссоциация.

Ø Электролиз заңы.

5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 20 минут

¡ Тұздардың,қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері,сонымен қоса,тұздар мен металдардың қорытпалары электролиттер деп аталады.

¡ Электролит арқылы электр тогы өткенде электродтарда зат бөліну процессі электролиз деп аталады.

¡ Электролиттік диссоциация – электролиттердің суда еріген кезде немесе балқығанда аниондар мен катиондарға ыдырау процесі (1887ж)

NaCl ↔ Na+ + Cl-

CuSO4 ⇄Cu2+ +SO42-

Фарадей заңы: Электролиз кезінде электродта бөлінген заттың массасы электролит арқылы өткен электр(заряд) мөлшеріне пропорционал.

m=k·q=k·I·t

m-бөлініп шыққан заттың массасы

q- электролит арқылы өткен заряд

k-берілген заттың электрохимиялық эквиваленті деп аталатын пропорционалдық коэффициент, [k]=кг/Кл

6. Жаңа материалды бекіту – 15 минут. Венн диаграммасы: Металдар мен электролиттердегі, газдардағы электр тогы

Есептер шығару:

1. Электролит арқылы 0,5 А ток күші өткенде, 20 минут ішінде катодта 236 мг мыс жиналды. Мыстың электрохимиялық эквиваленті:

а) 0,394 мг/Кл; ә) 0,207 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,238мг/Kл; r) 0,112 мг/Kл.

2. Катодтан 4 А ток өткенде 30 мин ішінде массасы қандай никель бөлінді? Ниқельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03*10-7кг/Кл.

а) =2 г; ә) =1,5 г; б) =0,5 г; в) =2,5 г; г) =3 г;

3. Электролиздеуде 50 мин ішінде 9,7 г қорғасын бөлінсе, онда жүріп өтқен токтың күші қандай? Қорғасынның элеқтрохимиялық эквиваленті 1,074* 10-6 кг/Кл..

а) 6А; ә)4A; б) 5А; в) 3А; г) 4,5A

4.Электролит арқылы 2 А ток күші өткенде, 10 минут ішінде катодта 244 мг никель жиналды. Никельдің электрохимиялық эқвиваленті:

а) 0,304 мг/ Кл; ә) 0,238 мг/Кл; б) 0,126 мг/Кл; в) 0,394 мг/Кл; г) 0,203 мг/Kл.

5.Катодтан 5 А ток өткенде 50 мин ішінде массасы кандай қүміс белінеді? Күмістің электрохимиялық эквиваленті 1,118*10-6кг/Кл.

а) 16,8 г; ә) 20,г; б) 10г; в) 8,4г; г) 33,6 г.

6.Тотияйын ерітіндісін электролиздеуде 40 мин ішінде 3,8 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай? Мыстың электрохимиялық эқвиваленті 3.94*10-7кг/Kл

а) =5,4A; ә) = 4A; б) =3,8A; в) =4,6A; г) = 5 A

7. Сабақты қорытындылау-3 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

8. Үй тапсырмасы:

1)§45,46,47 оқуға

2) 23-жаттығудың 4,5,6 есептерін шығару

9. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Машықкердің қолы: Тексерушінің қолы:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

№22 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ ММ

Сабақтың тақырыбы:

Орындаған: Тоқтасынова А.Ж

-машықкер

Тексерген: Серикбаева Б.А

- физика пәні мұғалімі

2014 жыл

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 199.96 Kb
Количество скачиваний: 229
Просмотров: 674

Похожие материалы