Презентация по физике «Тұрақты ток электр тізбектері және оларды есептеу»
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Калакова Гульсим Кабдуловна
|
"Описание материала:
" Электротехникада күнделікті өмірде және өнеркәсіпте қолданылатын негізгі электротехникалық құралдардың жұмыс істеу принципі мен құралдары қарастырылады.
"
"Электротехникалық құрал жұмыс істеу үшін, қажетті жұмыс режимі мен электр энергиясын қамтамасыз ететін электр тізбегі құрылуы тиіс.
"
"Электр тізбегі деп – электр тоғына жол құрайтын, электрлік ток, ЭҚК (электр қозғаушы күш) және электрлік кернеу туралы түсіндірілген электромагниттік процесс құрайтын құралдар мен объекттердің жиынтығын атаймыз. Электр тізбегінің құрамына кіретін құралдар мен объектілерді үш топқа бөлуге болады:
"
"1) Электр энергия көздері.
" Барлық қорек көздерінің бірыңғай қасиеті кез келген энергия түрін электрлік энергияға айналдыруында
"
"Электрлік емес энергияның электрлікке айналуы жүретін көздер, алғашқы көздер деп аталады.
" Екілік көз деп – тізбектің кірісінде де, шығысында да электр энергиясы бар көздерді айтады.(мысалы: түзеткіш құралдар)
"
"2) Электр энергиясын тұтынушылар. Барлық тұтынушылардың бірыңғай қасиеті электроэнергияны энергияның басқа түрлеріне өзгертуі болып табылады.(мысалы: қыздырғыш құрал) Кей кездері тұтынушыларды ауырлық түсіруші деп те атайды.
"
"3) Тізбектің көмекші элементтері: жалғау сымдар, коммуникациялық аппарат, қорғаныс аппараты, өлшегіш приборлар және т.б., олсыз нақты тізбек жұмыс істей алмайды. Электр тізбегінің тармағы – бір ток өтетін тізбек бөлігі.
Тармақ бір немесе бірнеше тізбектей қосылған элементтерден тұрады. 1.2 суретіндегі сұлбада үш тармақ бар: bma тармағы, R1 элементі мен I1 тоғы бар ab тармағы, және R2 элементі мен I2 тоғы anb тармағы.
Электр тізбегінің түйіні – үш немесе одан да көп тармақтардың біріккен жері. 1.2 суретіндегі сұлбада екі түйін бар, а және b.
Бір жұпқа қосылған тармақтар пареллель деп аталады. R1 және R2 кедергілері параллель тармақтарда орналасқан.
Контур – бірнеше тармақтар арқылы өтетін, кез келген тұйықталған бөлік. 1.2 суреттегі сұлбада үш контур алып қарастыруға болады: I – bmab; II – anba; III – manbm, сұлбада контур арқылы токтың жүру бағыты бағытталған сәулемен көрсетілген.
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 695.52 Kb |
Количество скачиваний: | 38 |