Презентация по химии "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Предмет: Химия
Категория материала: Презентации
Автор:

Қарағанды қаласы

Теміржол колледжі

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»сайыс сабағы

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты ТМК – 12 тобында химия пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!

Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім –кен, қанша болса да азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-

деп сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:

1. «Протон» тобы

2. «Электрон» тобы

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен де таныстырып өтетін болсам:

1. . . . пәнінің мұғалімі

2. . . . пәнінің мұғалімі

3. Химия пәнінен олимпиада жеңімпазы - ТМК – 12 тобының оқушысы Аринов Айдын.

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1 кезең: «Ойлы болсаң, озып көр»

2 кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»

3 кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»

4 кезең: «Зерек болсаң, шешіп көр»

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды

Химия пәнін сүйсең сен

Ортаға сал барыңды -

деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.

1 кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа 5 мәтін оқылады. Сайыскерлер оқылған мәтінге «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт. (барлық сұраққа ойлануға 1 минуттан уақыт беріледі)

«Протон» тобы

1. Бейорганикалық қосылыстар 4 кластан тұрады. (Иә)

2. Элементтің реттік нөмірі оның нейтрон санына тең. (Жоқ)

3. Периодтық кестеде 8 период бар. (Жоқ)

4. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле-Шателье принципіне сүйенеді. (Иә)

5. Ортақ электрон жұбы арқылы түзілетін байланыс иондық байланыс деп аталады.

(Жоқ)

«Электрон» тобы

1. Периодтық кестедегі әрбір топ үлкен және кіші топшадан тұрады. (Жоқ)

2. Периодтық кестеде 10 қатар бар. (Иә)

3. Барлық элементтер металдар мен бейметалдар болып 2-ге бөлінеді. (Иә)

4. Реакция жылдамдығын тездететін заттарды ингибиторлар деп атайды. (Жоқ)

5. H2SO4 - жай заттарға жатады. (Жоқ)

Жүргізуші:

1-ші кезеңнің ұпай санын білу үшін сөз әділқазыларға беріледі. 2-ші кезеңді ұпай саны аз топ бастайды.

2 кезең: «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңінде 3 тақырып және ұпай сандары беріледі. Әрбір топ бір тақырыпты таңдап, сондағы ұпайды өздеріне қояды. Әрине, ұпайдың санына қарай сұрақ жеңіл немесе қиын болып келеді. Берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, қойылған ұпайды алады, ал дұрыс жауап берілмесе ұпай алмайды. Сұраққа жартылай жауап берсе ұпайдың жартысын алады.

(барлық сұраққа ойлануға 1 минуттан уақыт беріледі)

Сонымен алғашқы топқа сұрақ:

Химиялық элементтер Химиялық теңдеулер Стехиометриялық заңдар

10 20 30

Химиялық элемент – атомдарының белгілі бір түрі. Оның негізгі сипаттамалары – ядро заряды. Ядро заряды реттік нөміріне тең.

Сұрақ: Периодтық жүйеде қанша металл, қанша бейметалл бар?

(22 бейметалл, 92 металл)

Химиялық теңдеу – химиялық реакцияны химиялық таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазу. Жүргізілген химиялық тәжірибені химиялық теңдеу арқылы көрсетуге болады.

Сұрақ : Қосылу және айырылу (ыдырау) реакцияларына анықтама бер.

(2 және одан да көп жай заттар әрекеттесіп, жаңадан бір күрделі зат түзілсе қосылу, 1 күрделі зат 2 және одан да көп жай заттарға бөлінсе айырылу реакциясы деп аталады)

Стехиометрия деген сөз өлшеймін деген мағына береді. Стехиометриялық заңдарға зат массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, еселік қатынас заңы, Авогадро заңы, эквиваленттер, көлемдік қатынас заңы жатады.

Сұрақ: Зат массасының сақталу заңын кім ашты және оның мағынасы қандай?

(М.В.Ломоносов, химиялық әрекеттесуге түскен заттар мен реакциядан кейінгі заттардың массасы тең болады)

Келесі топқа сұрақ:

Атом Химиялық байланыс Химиялық жылдамдық

10 20 30

Атом – заттың бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі. Атомдар біріге келе молекуланы түзеді. Атомдар мен молекуланы зерттеген орыс ғалымы М.В. Ломоносов.

Сұрақ: Атом қандай бөлшектерден тұрады және қайсысы зарядсыз?

(атом ядро мен электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады. Нейтрон зарядсыз)

Заттар белгілі бір байланыс түзеді. Химияда байланыстың 4 түрі бар. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Сұрақ: Коваленттік полюссіз және полюсті байланыстар дегеніміз не?

(коваленттік полюссіз байланыс деген бірдей бейметалдардың арсындағы байланыс, ал коваленттік полюсті байланыс дегеніміз әртүрлі бейметалдар арасында түзілетін байланыс)

Химиялық реакцияның жылдамдығы дегеніміз уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе реакция өнімдерінің біреуінің концентрациясының өзгеруі.

Сұрақ: Химиялық реакциялар жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

(реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар: әрекеттесуші заттардың табиғаты, концентрация, қысым және температура)

Жүргізуші: алғашқы 2 кезеңнің қорытындысын шешу үшін әділ-қазылар алқасы сөз кезегі сіздерде.

3 кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр» кезеңінде әрбір топ берілген әріптердің ішінен әріп таңдайды. С, К және М әріптері. Алғашқы болып ұпайы аз топ таңдайды. Қойылған сұраққа сол әріптен басталатын жауап қайтару керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Әр сұраққа ойлану уақыты – 1 минут. Ендеше ұпайы аз топ әріпті таңдай қойыңыздар. Ұпайы аз болған «Электрон» немесе «Протон» тобының біреуі бастайды.

«С» әрпі

1. Химиялық элемент (сутегі, скандий)

2. Күрделі зат (су, сірке қышқылы)

3. Жалғыз сұйық металл (сынап)

4. Қышқыл (сірке қышқылы)

5. Әмбебап еріткіш (су)

6. Химиялық аспап (сынауық)

7. І валентті элемент (сутек)

8. Физикалық құбылыс (судың қатуы)

9. Натрий гидроксиді (сілті)

10. Судың агрегаттық күйі (сұйық)

«К» әрпі

1. Жай зат (күкірт)

2. Оксиді (кальций оксиді, көміртек (ІІ) оксиді, күкірт (ІҮ) оксиді.

3. Тұз (карбонаттар, калий хлориді)

4. Бейметалл (көміртек, күкірт)

5. Сілтілік металл (калий)

6. Екі валентті элемент (кальций)

7. Химиялық құбылыс (көмірдің жануы)

8. Қышқыл (күкірт, кремний қышқылдары)

9.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 793.83 Kb
Количество скачиваний: 32
Просмотров: 191

Похожие материалы