Презентация по информатике А есебі

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау туралы жазбалар

Мектептегі тәжірибе кезінде Кембридж бағдарламасының теориясын негізге ала отырып, мұндағы жеті модульді сәйкестендіріп, тізбектелген сабақтар жоспарын құрдым. Сабақты 8-кластағы күнтізбелік оқу жоспарына сәйкес тізбектелген 4 тақырыпты алдым. Бұл класта 9 оқушы бар, олардың 7-уі озат, 2-уі екпінді. Мұндағы мақсатым: АКТ тиімді пайдаланып деңгейлік тапсырмаларды орындауға, сыни тұрғыдан ойлануға , бірлесіп, жеке, топпен жұмыс жасауға, өз пікірлерін көркем жеткізе білуге, бір – біріне көмектесуге, өзін-өзі бағалай білуге, өз жұмысын сыныптастарының жазғанымен салыстырып өзін - өзі реттеуге ықпал ету. Әр сабақты өткізіп отырғанда оқушылардың жеке ерекшелігін ескеріп деңгейлік тапсырмалар беру. Психологиялық тренингтер өткізу арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастырамын деп жоспарлап отырмын. Оқушыларға кеңес, бағыт – бағдар беріп, АКТ-ны пайдалана отырып, жеке, топпен орындайтын тапсырмалар беріп пәнге деген қызығушылығын арттырамын. Оқушылар берген тапсырмаларды орындау барысында бір – бірімен қызығушылықпен талқылап, орындап болғаннан кейін топ арасында көшбасшысы көрініп, дарынды және талантты оқушылар анықталып отырады. Оқушылардың қабілеттеріне байланысты тапсырмалар беру арқылы оқыту барысында оқушыны жеңілден ауырға қарай біртіндеп жетелеудің жолдарын қолданып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамытып, пәнге қызығушылықтарын арттыруға жұмыстанамын. Осы жеті модульді әр сабаққа енгізе отырып, күннен – күнге жаңа идеялар туындайды деп ойлаймын. Оқушыларымның да сабаққа деген мотивациясы артып, берген тапсырмаларды жұппен, топпен бірігіп, бір – бірінің айтқан пікірлерін тыңдап, бір – біріне сыни сұрақтар қою арқылы қорытынды шығарып үйренеді деп есептеймін. Информатика сабағында жеті модуль ішіндегі жиі пайдаланатын модуль АКТ. Оқушылар әр тапсырманы орындап болғасын үш шапалақ, екі жұлдыз бір тілек, өзі-өзі бағалау, топаралық бағалау, жетон, теңге , монета, смайликтер арқылы бағаланады. Әр сабақтың соңында міндетті түрде кері байланысты жүргізуді қолданамын.

Күтілітін нәтиже: Заманауи құрылғыларды пайдаланып берілген тамсырмаларды орындайды, сын тұрғысынан ойлана алатын, бірлесіп проблемеларды шешіп, ойын жанылыспай жеткізіп, сөз қоры молаяды, өзін-өзі бағалауға уйренеді. Дарынды және талантты оқушылар анықталып, оқушылардың қызығушылығы мен ынтасы арта түседі.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 6.61 Mb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 121

Похожие материалы