Презентация по информатике на тему "Влияние информационных технологий на психологию обучающихся"
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Манарбек Махпал Манарбековна
|
Оқу процесінің қазіргі заманғы даму кезеңі өзінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді – білім берудің сапасына жаңа талаптар қойылады, жаңа бағдарламалар мен оқулықтар шығарылады, аттестаттаудың формасы мен талаптары өзгереді, оқу процесіне жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар енгізіледі. Соның ішінде ақпараттық технологиялар басқа да инновациялық процесс сияқты білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық ортаға өзгеріс енгізеді.
Білім берудегі ақпараттандыру білім алушылардың тұлғаларының дамуына, олардың ойлау қабілетінің креативтілігінің жоғарылауына, теориядағы және тәжірибедегі мәселелер мен тапсырмаларды шешудің стратегиясын әзірлеуді қалыптасуына, зерттелінетін объектілерді модельдеудің негізінде нәтижелерді болжауға мүмкіндік беретіні анық. Алайда ақпараттық технологиялар білім алушыларға тек оң әсер етеді ме?
Осы мақалада мен білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың психологиялық ерекшеліктерін қарастырамын. Адами қызметтің барлық саласында компьютерді қолдану артқан сайын, жаңа мәселелер де артады, жаңа зерттеулер дамиды. Сондықтан да адам мен компьютердің өзара қатынасының психологиялық аспектілерін зерттеу қазіргі таңда актуалды тақырып болып табылады.
Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың біздің өмірімізге енгені соншалық, тіпті қоғамда инфосфера деп аталатын жаңа ақпараттық ортаның пайда болуына әкеп соқты. Инфосфера дегеніміз жаңа өркениет, жаңа тарих. Ол бойынша ақпараттық қоғам дамиды, себебі ақпарат өмірдің кез келген саласында еніп отыр. Әрине, оның ішінде білім беру де бар.
Ақпараттық технологиялар білім алушының өміріне қатты әсер етеді. Себебі білім алушы жаңа материалды лекцияның слайдтары арқылы меңгереді, білімін бекіту барысында интернеттен мәлімет іздейді, реферат жазады, көрмелер, бағдарламалар әзірлейді, сызу сызады, модель жасайды және т.б. Сонымен қатар, ол достарымен, топтастарымен ақпарат алысу үшін әлеуметтік желілер мен қосымшаларды пайдаланады. Біздің Политехникалық колледжде әрбір білім алушының онлайн күнделігі мен онлайн үлгерім кітабы бар. Тіпті коммуналдық қызмет төлеу, ауа-райын көру, киім-кешек, тағам сатып алу үшін ақпараттық технологиялардың көмегі зор.
Қазіргі таңда білім берудегі ақпараттандыру келесі жетістіктерге жетті:
- Білім беру процесінде жаңа ақпараттық технологиялар құралдары енгізілді;
- Білім беруге қатысушылырдың компьютерлік даярлық деңгейі өсті;
- Ғылыми зерттеулер, ұйымдастырушылың басқарулар, білім беру процестерін қамтитын ақпараттық технологиялырдың жүйелік интеграциясы дамыды;
- Бірегей ақпараттық кеңістік құрылды.
Әрине, білім беруде компьютер тек қосымша құрал болып табылады. Яғни материалды меңгеру үшін білім алушы мен материал арасындағы көпір десе де болады. Ол білім алушылардың ой өрісін арттырады, интеллектуалды мүмкіндіктерін кеңейтеді, дүниетанымын қалыптастырады, жаңа ақпаратты табуды жеңілдетеді және жүйелендіреді, виртуалды өмірде сілтеуші болады.
Компьютер көмегімен білім алушы әр түрлі ортада бейімделе алады және ол арқылы білім алушы өздігінен білім ала алады, себебі интернетте көптеген ресурстар бар. Алайда оның артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де бар. Оларға жататындар: техностресстер, компьютерофобиялар, компьютерлік ойындарға тәуелділік, интернет тәуелділік, хакерлік, қызығушылықтар аясының тарылуы, әлеуметтік интеллекттің дамымай қалуы және т.б.
Жоғарыда көрсетілген бойынша, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар білім алушылардың психикалық процесіне әсер етеді, тәуелдідіктердің жаңа түрлерін туғызады.
Өзімнің 3 жылдық педагогикалық практикамда байқағаным: 2012 жылы кураторлық тобымда 32 баланың ішінде 3 балада ұялы телефон болмаған. Ал қазіргі 2014 жылдың желтоқсан айының көрсеткіші бойынша 32 баланың барлығында ұялы телефон бар, сонымен қатар олардың 1/3 бөлігі әр түрлі операторлардан бірнеше ұялы телефон ұстайды. Шығармашылық үй жұмыстар таратқан кезде, білім алушылар бұрынғыдай кітапханаларда отырмай, онлайн кітапханалардан мәлімет іздейді. Әлеуметтік желіде кураторлық тобымның жеке парақшасы бар. Мұнда білім алушылар сабақтардың лекцияларын, практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелерді, видеосабақтарды, есептерді, схемаларды, үй жұмыстарын енгізе және жүктей алады.
Тағы бір болған оқиға, үлгерімі төмендегіне байланысты, бір білім алушының ата-анасы оны ұялы телефонынан және интернетке кіру мүмкіндігінен 1 аптаға айырды. Осы 1 аптаның ішінде баланың психологиясы қатты өзгерді: тыныштығынан айырылды, уақытын қайда өткізерін білмеді, көңілсіз жүрді. Сонымен бірге, кураторлық тобымда «әлеуметтік желілерсіз апталық» өткіздім. Ол бойынша 1 аптаның ішінде ешқандай әлеуметтік желілерге кіруге рұқсат жоқ. Бұл жобаның мақсаты: айналадағы өмірге де назар аудару, әлеуметтік желілерге деген тәуелділіктен айырылу болып табылды. Алайда 32 баланың 3 баласы бірінші күннен-ақ шыдамай, ойыннан шығып кетті. Ал қалған 21 бала аптаның соңына дейін шыдай алмады. Тек 8 бала ғана бір апта бойы әлеуметтік желіден бас тартты. Бұл зерттеудің өзі қазіргі жастардың ақпараттық технологияларға қаншалықты тәуелді екендігін, сонымен қатар жастар өздерінің өмірлерін ақпараттық технологияларсыз елестете алмайтындығын көрсетті.
Біз оқытушылар ретінде бұл жағдайда не істей аламыз? Білім алушылар өздерінің жас өмірлерінің көп бөлігін білім ордасында өткізеді және педагогтар жасөспірімдердің әлеуметтік қызығушылығына және әлеуметтік сезімдеріне қатты әсер етеді. Сондықтан педагог тек кітаптық білімді емес, өмірлік білім мен өмір сүру өнеріне де үйрету керек. Егер педагог ақпараттандырудың қазіргі заманғы деңгейіне сәйкес келсе, ақпараттандыруды өзінің қызметінде дұрыс пайдалана білсе, білім алушының да ақпараттық мәдениетіне оңтайлы өзгеріс енгізе алады.
Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану келесі психологиялық шарттарды орындағанда ғана тиімді бола алады: білім алушылардың психологиялық және психо-физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқытудың әрбір кезеңінде ақпараттық технологияларды тек жүйелі мақсатпен пайдалану.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 328.34 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |