Презентация по информатике "Вирустан қорғау программалар"

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: «Вирустан қорғау программалары»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: Оқушыларға ақпаратты қорғау, компьютерлік вирус, вирусқа қарсы программалар ұғымдарына түсінік беру. Вирусқа қарсы программаны қолдануды үйрету, вирустың түрлеріне тоқталу.

2. Тәрбиелігі: Оқушыларды осы тақырып бойынша өз бетімен жұмыс жасауға, информатикалық терминдерді дұрыс айта білуге үйрету.

3. Дамытушылығы: Тапсырмаларды орындата отырып, таным қабілетін, зейінін, белсенділіктерін дамыту. Сабаққа пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: дәстүрлі, аралас сабақ

Сабақ әдісі: практикалық элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы.

Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар (дербес компьютер, интерактивті тақта, презентация, карточкалар)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)

Оқушылармен амандасып, үй тапсырмасын сұрау.

«Ғажайып алаңы» ойыны арқылы операциялық жүйе сабағын қайталау.

  1. Қандай операциялық жүйелерді білесіз? (Windows (95, 98, 2000, XP, Vista), UNIX)
  2. Операциялық жүйе не үшін керек?
  3. Операциялық жүйенің құрамына қандай компоненттер кіреді? (ядро, драйвер, интерфейс)
  4. Драйвер дегеніміз не? (компьютер құрамына кіретін әртүрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар)
  5. Ядро дегеніміз не? (командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы)
  6. Интерфейс дегеніміз не? (пайдаланушы компьютермен байланысып, қарым-қатынаста болатын ыңғайлы қабық. Әдемі орауыш сияқты)ІІ. Жаңа Тақырып (15 мин)
  1. Қызығушылықты ояту (тақырыпқа дейін ой қозғау)Тақырыпқа дейін ой қозғау:
  • Оқушылар күнделікті өмірде жалпы компьютерлік вирустар деген ұғыммен кездесіп жүрсіздер? Компьютерлік вирус дегенімізді қалай түсінеміз? Кімнің қандай ойы бар, кәне, ортаға салайық!
  • Компьютерлік вирустармен күресу үшін қандай әрекеттер орындау қажет деп білеміз?
  1. Мағынаны тану (жаңа тақырып)Қазіргі уақытта компьютерге кез келген операциялық жүйеден жұғатын және желілер арқылы таралатын көптеген вирустар белгілі. Компьютерік программаларға қатысты «вирус» атауы өздігінен көбею қабілетіне ие белгілері бойынша биология пәнінен белгілі. Компьютерлік вирус - өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін. Компьютерлік вирустар – арнайы құрылған программа. Бұл программа өздігінен басқа программаға қосылып өзінің көшірмесін көбейтеді. Негізгі мақсаты бумалардағы файлдарды жою, жұмыс жасау барысында кедергілер келтіру.Вирустардың пайда болу белгілері:
  • Қалыпты жұмыс істеп отырған программаның дұрыс жұмыс жасамауы;
  • Компьютердің ақырын жұмыс жасауы;
  • Операциялық жүйенің дұрыс жүктелмеуі;
  • Файлдардың жоғалып кетуі;
  • Файл өлшемдерінің өзгеруі;
  • Дискіде файлдар санының кездейсоқ көбеюі;
  • Экран бетіне түсініксіз хабарлар мен суреттердің пайда болуы.Жұмыс жасау қабілеті мен мақсатына байланысты компьютерлік вирустарды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:
  • «Ұстауыш-вирустар» - программалық құралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады.
  • «Логикалық бомбалар» - қарапайым программаларға кіріп, білімбей тұрады.
  • «Құрттар» - ол жүйелік программалаушылардың ақпараттық-есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен-тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
  • «Троян аттары». Ол қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген әрекеттерді орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:
  • «Бейсауат» - онша қатты зияны жоқ вирустар.
  • «Шантаж жасаушы» - мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын «баяу әсер ететін бомбалар».
  • «Насихатшы» - «өзін көрсету» мақсатында жасалған.
  • «Мағынасыз» - әсері төмен вирустар.Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:

Вирустардан қорғану үшін компьютерге орнатып және оны оқтын-оқтын жаңалауды қажет ететін вирусқа қарсы арнайы программалар пайдаланылады. Вирусқа қарсы программалардың жұмысы файлдар мен программалардағы вирустарды жою және диагностикадан тұрады.

Қазіргі кезде вирусқа қарсы программаларды төмендегідей бірнеше түрге бөлуге болады.

Компьютерлік вирустармен күресу үшін вирусқа қарсы (антивирустық) программаларды тұрақты жаңалап тұру қажет.

Вирусқа қарсы программаны іске қосу, түсіндіру, тапсырма орындату.

Тапсырманы орындамас бұрын қаіпсіздік ережелерін қайталап жіберу.

Тапсырма:

Вирусқа қарсы программаны ашып, «Мои документы» бумасын вирусқа тексеру.


Оқушылар біз енді 2 - топқа бөлінейік, өйткені электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп, ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз осы бүлінген хатты қалпына келтіру.

1-хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.

2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен сала аламын. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені пернетақтамен көптеген құжаттарды басып шығаруға болады. Пернетақтаның үш түрі бар: Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш.

3. Ой толғаныс (қорытынды, бекіту)

  1. өткізу.
  1. Компьютерлік вирус –бұл А) компьютердегі вирустарды емдейтін программаВ) «көбеюге» қабілетті және басқа программаларды «зақымдайтын» программаС) қапшықтар мен файлдарды ашатын программаД) компьютердің ең маңызды программасы
  2. Вирус туралы қай пікір дұрыс:А) вирус компьютердің жедел жадын азайтады;В) вирус компьютердегі ақпаратты жояды;С) вирус экранға бөтен ақпараттарды шығарады;Д) вирус дискеттің дисководқа енуіне кедергі жасайды
  3. Қандай вирус түрі Word құжаттары және Excelэлектрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады: А) файлдық вирустар;В) микровирустарС) желілік вирустарД) макровирустар
  4. Компьютерлік вирустардан қорғану бұл :А) вирустардың кіруін болдырмауВ) ДК –ге вирус енсе, оларға қарсы шабуылды болдырмауС) қиратушылық әрекеттерді болдырмауД) а,в,с жауаптары
  5. Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады: А) аппараттық, программалық, жүктеушіВ) программалық, жүктеуші, желілікС) файлдық, макровирустар, жүктеушіД) аппараттық, программалық, жүктеуші, желілік
  6. Вирусқа қарсы программаларА) Avp, drwebB) MS-Dos, MS Word, AvpC) MS- Word, MS Excel, Norton CommanderD) MS- Word, Commander, drweb
  7. Ревизорлардың міндеті:А) Программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтауB) вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпа-лы программа-дан жою. C) вирустарды табу. Мұндай программалар қазіргі уақытта сирек қолданылD) дұрыс жауап жоқСонымен - Вирус дегеніміз не екен?- Қандай вирустар бар екен?- Вирустан қорғану үшін не істеу керек?- Вирустан қорғау программаларын атаңызшы.ІІІ. Үйге тапсырмасын беру: 5.5 тақырыпты оқып, 51-беттегі сұрақтарға ауызша жауап беру, интернет беттерінен вирус және вирусқа қарсы программалары туралы қосымша мәліметтер алып, мәнжазба даярлау.ІҮ БағалауҚосымша тапсырма:Адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыр.

Салыстыр

Адам

Компьютер

жұқпалы аурулар түрлері

пайда болу жолдары

емдеу жолдары

сақтану жолдары

қандай өзгерістер болады

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 6.58 Mb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 581

Похожие материалы