Презентация по информатику на тему "Көңілді информатика" 6 класс

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

«Көңілді информатика»

(Сыныптан тыс шара, 6 а- 6 б сынып)

Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылықтарын арттыру, алған білімдерін қорытындылауды, ой өрісін және танымдық қабілеттерін, ынталарын, шығармашылық белсенділіктерін арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу

Сайыстың кезеңдері:

І. «Кел танысайық»

ІІ. «Сұрақ-жауап»

ІІІ. «Адасқан әріптер»

ІҮ. «Тапқырлық»

Ү. «Тілек айту»

І. «Кел танысайық»

1 кезеңімізде оқушылар өз топтарын таныстырады және әмблемаларын қорғайды.

ІІ. «Сұрақ-жауап»

Бұл кезеңде сайысқа қатысушы әр топқа 5 сұрақ қойылады. Қойылған сұраққа тез арада дұрыс жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

І топ

1.Қоршаған орта туралы мәлімет. ( Ақпарат )

2. Сегіз биттен тұратын топ. ( Байт )

3. Белгілі бір атпен дискіде сақтап қойған құжат. ( Файл )

4. Адам мен компьютер арасындағы байланыс. ( Интерфейс )

5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы ( Монитор )

ІІ топ

1. Оң жақтағы символды өшіретін перне. (Delete)

2. Қатқыл диск қалай аталады? ( Винчестр )

3. Тіңтуірдің ағылшын тілінде аталуы? (Мause)

4. Компьютердің миы? (Жүйелік блок)

5. Өшірілген файлдар қайда барады? (Себет.)

ІІІ. «Адасқан әріптер»

Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр сөзге5 ұпайдан беріледі.

•ЕОДМЕ

•ОНТИРМО

•РСУИВ

•ЫШТАҚН

•РИНПРЕТ

•ҚАПРАТА

ІІ топ

•ИМРКООНФ

•АКЬЛУКТОЯЛР

•ИТНРНЕТЕ

•ЕРНПЕАҚТАТ

•ОЛОКНАК

•МЕАРКА

Дұрыс жауаптары:

•МОДЕМ

•МОНИТОР

•ВИРУС

•ТЫШҚАН

•ПРИНТЕР

•АҚПАРАТ

•МИКРОФОН

•КАЛЬКУЛЯТОР

•ИНТЕРНЕТ

•ПЕРНЕТАҚТА

•КОЛОНКА

•КАМЕРА

ІV. «Тапқырлық»

Сайыстың бұл кезеңінде оқушылар жұмбақтар шешеді. Әрбір дұрыс шешілген жұмбақ жауабына 10 ұпайдан беріледі.

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын... (Тышқан)

Жұртты өзіне қаратқан

Ақпаратты сақтап,таратқан (Компьютер)

Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған... (монитор)

Егер білсең,айта қойшы

Бұл қандай құрылғы

Ақпаратты қағаздағы

Компьютерге енгізеді. (Сканер)

Бір сарайда тұрады екен,

Бес атаның балалары.

Қыдырмашы біреуі,

Бір күн бар да,бір күн жоқ.

Соны есепке алсақ

Ұзын саны жүз жеті... (Пернетақта,тінтуір)

ІІ топ

Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. (кактус)

Қағаз бетінен алады,

Бірден компьютерге салады (Мәтіналғы)

Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді... (Басып шығарғыш)

Төрт бұрышты әйнек,

Тұнып тұрған әлек (монитор)

Командалар жиынынан тұрады,

Мақсатыңды орындайды... (Мәзір жолы)

V. «Тілек айту»

Компьютер құрылғыларының аттары мен немесе информатика пәніне қатысты термин сөздер арқылы әділ қазы алқаларына тілек айту. 10 ұпаймен бағаланады.

Қорытынды.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.04 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 143

Похожие материалы