Презентация по истории на тему: «Ерлер-жердің қорғаны елдің тұтқасы»

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

Презентация тарих пәнінен 8-10 сынып аралығында өткізілген .Тәрбиелік іс шараның мақсаты: Балаларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспешілікке тәрбиелеу. Бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.

Тәрбиелік: Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық қадір-қасиеттерді үлгі ету, ерлікке, батырлыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Жерге жетер байлық жоқ,"Жер болса ел болады, ел болса ер болады" дейді. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз 1991 ж егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, мекенде өмір сүруші әрбір азамат өз Отанын жанындай сүйіп, оның тыныштығын күзетеді.

Қазақстан Республикасы қарулы күштері 7 мамыр 1992жыл құрылды. Мінеки биыл Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 23 жыл.Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!.Тәрбиелік іс шарамызды , Отан қорғаушы ер азаматтарға арнамақпыз.


Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.19 Mb
Количество скачиваний: 195
Просмотров: 476

Похожие материалы