Презентация по казахскому языку на "Тазалық сақтау құралдары" (2 класс)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Утегенова Зауре Умирзаковна
|
Презентация по предмету казахского языка для 2 класса на тему чистоты и здоровья.
Мұғалімі: Утегенова Зауре Умирзаковна
Сынып: 2
Сабақтың тақырыбы: "Тазалық сақтау құралдары"
Сабақтың тақырыбы:
Білімділік: Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау. Көптік жалғауын қайталау."Тазалық-денсаулық кепілі" дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу.Тазалық сақтау заттарын көрсете отырып,тазалық сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын,жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау. Көптік жалғауын қайталау."Тазалық-денсаулық кепілі" дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу.Тазалық сақтау заттарын көрсете отырып,тазалық сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын,жылдамдығын, есте сақтау қабілетін, танымдық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, пайымдау, пысықтау,әңгімелеу т.б.
Сабақтың түрі: қайталау, ойын сабағы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару, тіл дамыту сұрақтарын қою)
Психологиялық тренинг:
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау – сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
ІІ.Сабақтың мақсатын айту «Адасқан әріптер» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын тауып, мақсатын айту.
ІІІ. Үй жұмысын тексеру: « Жоғалған әріптер» ойыны арқылы дыбыстық жұмысын жүргізу.
ІV. Сөздік жұмыс: берілген заттарды атау, жеке-жеке әр затқа тоқталып, сұрақ-жауап арқылы оқушылардан ол заттардың өмірде не үшін қажет екені туралы жауаптарын алу.
V. Грамматикалық кезең: көптік жалғаулар ережесін қайталау арқылы келесі слайдтағы тапсырманы орындау (әр затқа тиісті көптік жалғауын жалғау)
Сергіту сәті: музыкалық жаттығу
VІ.Топтық жұмыс: "Пирамида құрастыру" ойыны арқылы сөзден сөз тіркесін, 3 сөзден, 4 сөзден сөйлем құрастыру.
VІІ. Дәптермен жұмыс: «Жолақшалар» ойыны. Оқушылар түрлі-түсті қағазға жазылған сөздерден сөйлем құрастырып, мәтін шығарады.
VІІІ. Бекіту: "Майдодыр" мултьфилімінің үзіндісін көру. Сөзжұмбақты шешу.
Қорытынды:
Үйге тапсырма: тазалық тақырыбына байланысты мақал-мәтел жаттау.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 2.67 Mb |
Количество скачиваний: | 248 |