Презентация по казахскому языку на тему "Биоалуантүрлілік" (8-класс)

Предмет: Другое
Категория материала: Презентации
Автор:

Ең қорқынышты қай динозаврлар болған? Ұзындығы 12 метрге, салмағы 6 тоннаға дейін жететін, жақтары үлкен және бірнеше қатар тістері бар тираннозавр рекс және аллозавр сияқты сүтқоректілер ең қорқынышты динозаврлар болған. Бірақ "жезтырнақ" - дейноних, адам бойымен бірдей велоцираптор және кішілеу стенонихозавр сияқты динозаврлар да олардан қалыспайтын. Бұл жауыз етқоректілер ең ақылды динозаврлар болған. Тираннозавр рекс өзінен әлсіздеу динозаврларды аңдыған, сондай-ақ ол өлген жануарларды да тағажау еткен. Кейбір құрбандар анкилозавр секілді қарсылық шабуылдар жасаған. Брахиозаврдың өте ұзын қүйрығы мен сырықтай мойны. Қай жануарлар құрлықтағы ең ірілері болған? Тарихи кезеңге дейін сеймозавр және брахионавр сияқты бауырымен жорғалаушылар болды. 50 тонналық бауырымен жорғалаушылар үй сияқты өте үлкен болған. Олар тобырымен өмір сүрген, өсімдіктермен қоректенген және ағаштың басына дейін жететін ұзын мойындары болған. Аяқтарының тас болып қатып қалған іздері олардың жылдам жүгіре алатынын білдіреді. Қытайда сүйектері табылған шөпқоректі маменхизаврдың 15 метрлік мойны болған. Бұл алып жануарлардың кейбіреулерінің кұйрықтары мойындарынан да ұзын. Құрлықтағы ең үлкен сүтқоректі балухитерий болып табылады. Ол салмағы 30 тоннаны тартатын мүйізтұмсыққа ұқсайды. Бүгінгі таңда құрлықтағы ең үлкен жануар - салмағы не бары 7 тонналық африкандық піл!

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 3.41 Mb
Количество скачиваний: 277
Просмотров: 429

Похожие материалы