Презентация по казахскому языку на тему "Сүйкімді достар" (8 класс)

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы:

Сүйкімді достарым

Сабақтың мақсаты:

Жеке, топпен жұмыс жасай отыра, диалогтік әңгімеге қатыстырып «Сүйкімді достар» тақырыбы бойынша айта білуге үйрету , бір-бірінің жұмысын бағалай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар жан-жануарлар туралы айта біледі , түсінеді, топта жұмыс жасай алады

Оқытудың нәтижесі (табыс критерийлері):

1)Төмен деңгейлі оқушы үшін: Достар қандай болады екенін түсінеді, айтады, төмен деңгейлі сұрақтарға жауап береді

2)Орта деңгейлі оқушы үшін:Тақырып бойынша сұрақтарды құрастырады , өз ойын қорытындылайды.

3)Жоғары деңгейлі оқушы үшін: Тақырып бойынша өзіне қорытынды жасайды, дәлелдейді, сахналайды

Түйінді идеялар:

1) Жан-жануарлар адам досы бола ала ма, жоқ па ой-пікір бойынша өз ойларын жеткізу

2) Өз идеяларын ұсыну ( топтық жұмыс барысында)

3) Сабақ бойынша рефлексия жаза білу

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Миға шабуыл, жеке, топтық жұмыс

Көрнекілігі:

Суреттер, үлестірмелі парақшалар, кестелер

Уақыты

Жұмыстың түрі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

2мин

І Ұйымдастыру кезеңі

А) амандасу

В) жылы атмосфера орнату

Балалармен амандасамын

- Сәлеметсіңдер ме!

-Көңіл-күйлерің қандай?

-Қазір біз шаттық шеңберіне тұрып, бүгінгі күні бір-бірімізге жылы тілек айтайық

( шаттық шеңберін ұйымдастырады, өз тілегін айтады)

Мұғаліммен амандасады

Тілек айтады

Ойланады

3 мин

ІІ. Грамматиканы пысықтау

1.Сандар арқылы қайталатады: 1,2,3,4,5,6

2.Тексеру тест жұмысын ұсынады, орындатады( 6 тапсырма, салалас құрмалас сөйлем)

Грамматикалық ұғымдарды еске түсіреді, айтып береді.Тест тапсырмаларын жазбаша орындайды

5мин

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасының мазмұнын сұраймын, қайталатамы

-Балалар ,сендерге қандай тапсырма берілді?

-Үй жұмысын қайталап шығыңдар.

Оқушылар жауап береді,қайталайды,айтып береді

3мин

ІV. Жаңа сабақ

А) топтық жұмысты ұйымдастыру

В) топ ережесін еске түсіру

- Бүгін біз топта жұмыс жүргіземіз. Ол үшін 3 топқа бөлінеміз. Бөліну шарты: Сөйлемдерді оқып, жалғаулықтары арқылы бөлінеді.

- Сонымен біз топқа бөліндік.

- Топта жұмыс жасау үшін не керек?

-Ережелер не үшін керек?

(ережелерді еске түсіріп талқылайды)

Шарт бойынша топқа бөлінеді

Ережелерді еске түсіреді, сұрақтарға жауап береді

2 мин

С) Жаңа сөздікпен жұмыс

- Бүгінгі сабақта келесі жаңа сөздермен жұмыс істейміз.( Оқулық арқылы, 65-бет)

Жаңа сөздерді оқиды ,сөз тіркестерін құрастырады , жазады

4 мин

15 мин

Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар беру D) мәтінмен жұмыс

( орындауға және қорғауға барлығы 15) Топтың бағалау критерийлері:

1. Тапсырма орындалуы толық/толық емес

дұрыстығы

дұрыс/дұрыс емес

2. шығармашылық жұмыс

шығармашылықты танытты/ танытпады

3. қорғау

сөйлеу мәдениетін көрсете алды/көрсете алмады

4. логикалық байланыс

болды/ болмады

Презентацияда:

оценивание себя и другой группы

1.Белсенділік

2.Роль атқаруы

3.Ерекшелігі

4.Бағасы

І топ тапсырмалары:

Білім деңгейі

1) Жаңа мәтінді оқытқызады

2)Сұрақ-жауап: мәтін не туралы?

Түсіну деңгейі

1) Мәтін бойынша 3 сұрақ-жауап құрастырыңдар

ВАТМАН

Мәтінді оқиды, тақырыптың мағынасын түсінеді

ІІ топ тапсырмалары:

Түсіну деңгейі Сұрақтар:

-Сендердің сондай достарың бар ма?

-Олар қалай пайда болды?

Қолдану деңгейі

-Жануар адамға дос болу үшін не істеу керек?

ВАТМАН

Сұрақтарға жауап береді, шығармашылық танытады

ІІІ топ тапсырмалары:

Талдау деңгейі Тапсырма

Жануар бізге дос ретінде керек, себебі...

Жануар бізге дос ретінде онша керек емес, себебі...

ВАТМАН

Бағалау деңгейі

«Сен бүгіннен бастап бір жануарға дос болу үшін не істей аласың?» сұрағына жауап беру

Стикер

жағымды, жағымсыз жақтарын ажыратады, өз ойларын жазады

6мин

V. Жаңа тақырыпты бекіту

Сахна көрінісі

- Сахна көрінісі сендерге ұнады ма? Неге?

-Қалай ойлайсыңдар, жануарлар не себепті адамға дос бола алады?

-Осындай достықтың пайдасы бар ма? Қандай?

Көреді, сұрақтарға жауап береді

2мин

V. Қорытынды жасау

Сұрақтарға жауап беру:

Бүгінгі сабақта нені білдің?

Сендер үшін дос ол не?

Жануарды күту күнделікті міндетке жатады ма?

Ойланады, сұрақтарға жауап береді

2мин

VІ Бағалау

Бүгінгі сабақта кімнің жұмысы ұнады? Неге ?

Стикерге жазады

Сабақтан алған әсерін смайликтер аркылы көрсетеді

Бір-бірін бағалайды

Топта ақылдасып шешеді

1мин

VІІ. Үй жұмысын беру

Үй жұмысын түсіндіріп береді:

1)Жаңа сөздерді білу, 51-беттегі мәтінді оқып түсіну, әңгімелеу.

2)65-бет, төмендегі тапсырма:шағын шығарма жазып келу немесе презентация жасап келу

Үй жұмысын жазып алады

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 3.65 Mb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 167

Похожие материалы