Презентация по классному часу Құқық жолы-парасат жолы
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жанелова Алтынай Елемескызы
|
Конституция құрылымы
· I бөлім. Жалпы ережелер
· II бөлім. Адам және азамат
· III бөлім. Президент
· IV бөлім. Парламент
· V бөлім. Үкімет
· VI бөлім. Конституциялық кеңес
· VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
· VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
· IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Енді, балалар, Конституция ережелері мен баптары туралы өз ойларынды ортаға салындар.
Анар:
1-бап.Қазақстан Республикасының демократиялық,зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, оның ең қымбат қазынасы-адам және оның құқықтары мен бостандықтары екендігін айтылған.
Сабина:
2-бап.Қазақстан Респуликасының президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігі айтылған және мемлекетке сырттан қол сұғылмауы қамтамасыз етілген.
Назым:
3-бап.Мемлекеттік билік халықтың қолында, оны халық сайлау арқылы жүзеге асыра алады делінген. Ал 7-бапта Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі екендігі жазылған. Ал орыс тілі ресми түрде қолданылады.
«Тіл туралы диалог» (Мұқағали ізімен)Анар,Мұхаммет
Аружан:
10-бап.Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады,ол қандай негізінде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең болып табылады делінген.Ал оны ешкімнің айыруға немесе өзгертуге құқығы жоқ.
Зарина:
12-бап.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады,олардан ешкім айыра алмайды.Осыған орай әр азамат өз міндеттерін атқара алады.
Аңсаған:
14-бап.Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе кез- келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Айбота:
15- бап.Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16- бап.Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
17- бап. Адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмайды.
19- бап. Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсетпеуге хақылы.
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға құқығы бар.
Толағай:
20- бап. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі.
21- бап. ҚР аумағындағы еркін жүріп- тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. (Оқушылардың мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық марапаттарын көрсету)
Әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар.Тынығуға құқығы бар. (Жазғы сауықтыру лагері туралы айтып кету)
Әлішер.
Тұрғын үйге қол сұғылмайды. ҚР-азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады.
Мадина.
27- бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы.
Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қмқорлық жасауға міндетті.
Жарас:
29- бап. ҚР-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30-бап. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.
Сапарбек:
35-бап. Заңды түрде белгіленген салықтарды , алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы, әрі міндеті болып табылады.
36-бап. ҚР-ын қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті борышы және парызы.
Мұхаммет.
37-бап. ҚР-ның азаматтары тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті.
38-бап. ҚР-ның азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
БИ «Қара жорға»
Қазақстан Республикасы Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды.
Қазақстан Республикасының өзгерістеп мен қосымшалар туралы Заңға байланысты №284-І 1998ж 710;
№254-ІІ 2007 21 мамырда қосымшалар енгізілді.
Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралоық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған (Балалар құқығы туралы конвенцияға) сәйкестіріп жасалған.
2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды, сөйтіп Қазақстанның балалар құқығы туралы Заңы енгізілді.
Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциядан:
• Мемлекет әрбір баланың ама-есен сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді.
• Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
• Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
• Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ.
1. Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы.
• Әрбір баланың ой-пікір, ар-ождан және дін еркіндігіне құқығы бар.
• Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы.
• Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы.
• Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 81.5 Kb |
Количество скачиваний: | 25 |