Презентация по началному класу на тему"Астана -арман қала"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Калдасбекова Айшат Калдасбековна
|
Сабақтың тақырыбы:
“Астана-арман қала”
Бастауыш сынып мұғалімі:Оразбаева Гаухар
Тараз қаласы №49 Ы.Алтынсарин
атындағы мектеп гимназия
Сабақтың мақсаты:
•Еліміздің бас қаласы Елорда туралы мағлұмат беру,өлеңмен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру,
•Оқушылардыңойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
•Туған жерін, елін сүюге ,оған құрметпен қарауға , Астананыңкөркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: СТОтехнологиясының
әдістері, түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
интерактивтітақта слайдтары,
суреттер
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сыныпты түгелдеу
2. Назарларын сабаққа аудару
ІІ. «Ой шақыру»
Мақсатымыз білім алу,
Міндетіміз еңбектену,
«5»-ке қолды жеткізу.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Менің Туым
Өлеңді мәнерлеп оқу
•Ту туралы қосымша деректер сұрау
•Сурет салу
Семантикалық картаарқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
Қазақстан-
Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты.
.
ІҮ. Жаңа сабақ
Мозаика арқылы топқа бөлу.
І. «Бәйтерек» тобыІІ. «Пирамида» тобы
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы . Елордамызға саяхатқа шығамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
-
-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
Саяхат картасы
1-аялдама.
Вокзал
Өлең авторымен таныстыру.
Махмұтбай Әміреұлы (20.02.1942 жылы туған, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылы) – ақын.
Қызылорда педагогикалық институтын бітірген (1964). 1964-66 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында мұғалім, Қызылорда облысы шығармашылық үйінде әдіскер, 1967-97 жылдары облыстық «Ленин жолы» газетінде корректор, 1967-71 жылдары аудандық «Сырдария» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, 1979-85 ж. Редактор, жауапты хатшы, 1971-79 ж. Сырдария ауданы комитетінде нұсқаушы, саяси-ағарту кабинетініңмеңгерушісі. 1985 -88 жылдары орта мектептің директоры, 1988 -98 жылдары Қызылорда облысы кәсіподақтар баспасөз орталығының меңгерушісі, 1998 жылдан облыстық «Сыр мектебі» газетінің бас редакторы.
Өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіру
“Астана - арман қала”
2-аялдама.
Бәйтерек
1. Мәлімет беру.
Астана қаласының сол жағалауында«Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр. «Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті Н.Ә.Назарбаев.
2. Тапсырма
«Бәйтерек» аялдамасының тапсырмасы өлеңді тізбектепоқу.
3-аялдама.
Пирамида
Бейбітшілік пен келісім сарайы 2006 жылы көрнекті британдық сәулетші Норман Фостер салған ерекше пирамида. Оның биіктігі 62 метр. Пирамиданың табанында 1,5 мың орынға арналған опера залы,жоғары бөлігінде ғимараттың негізгі бөлмесібар. Онда Қазақстан ассамблеясының кеңселері, мұражайлар, көрме залдары орналасқан.
Тапсырма
*. Сарыарқа, Есіл сөздерімен байланыстыра Астана туралы әңгімеле.
Сергіту сәті
Астана- бас қалам,
Сұлусың жас қалам.
Бақытқа балаймын,
Қызыға қараймын!
4-аялдама.
Ақ Орда
«Ақ Орда» Қ.Р Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат ауданы 36 720 ш.м құрайды.Резиденция жанында КР Парламенті, ҚР Үкімет үйі, ҚР жоғары соты,ҚР министрліктер үйі орналасқан.
Тапсырма
І топ: «Астана – арман қала» эссе жаз
ІІ топ: Астана қаласына арнап «бес жолды өлең»
жаз
5-аялдама.
Думан
«Думан» ойын-сауық орталағы Елорданың сол жағалауында салынған.Жер асты кіші мұхиты,
3д кинотеатры, «Джунгли» алаңы , зал мен қонақ үй кешені, сонымен қатар сауда залдары, балаларға арналған ойын алаңдары бар. «Думан» ересектердің де,балалардың да сүйікті демалыс орны.
Тапсырма
Сурет салу
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды.
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік.
«Кубизм» әдісі.
Астана- Қазақстанның бас қаласы
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
«Топтастыру» әдісібойынша
ҮІІ. Үй тапсырмасы:
«Астана-арман қала» өлеңін жаттау
ҮІІІ. Бағалау.
Қай топтың жеңімпаз екенін анықтау
Мадақтау
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 2.12 Mb |
Количество скачиваний: | 38 |