Презентация по Ознокомление на тему "Құстар, балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Презентации
Автор:

Пәні

Дүниетану 1 «В» сыныбы

Сабақтың тақырыбы

Құстар, балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар

Жалпы мақсат

Оқушылардың білімін арттыра отырып, жануарлардың көптүрлілігі туралы түсінік қалыптастыру; жануарлардың топтарға бөліну ерекшеліктерін түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.

Ресурстар

Суреттер, интербелсенді тақта, сызбалар, слайд

Оқыту нәтижесі

Жануарлар дүниесі туралы білімдері кеңейеді

Қолданылатын модульдер

АКТ, оқушының жас ерекшелігін ескеру, диалог, көшбасшылық,

Бағалау

Формативті , суммативті (жұлдызшалар)

Негізгі идеялар

Табиғаттың бір бөлшегі – жануарлар туралы білім беру

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, А3 қағазы, магниттер, АКТ, семантикалық карта, жұлдызшалар, маркерлер

Тапсырмалар

1.Ұйымдастыру.

2.Өтілген материалды қайталау. Постер «Өсімдіктер»

3.Жаңа сабақ. Сызба арқылы жануарлар туралы түсінік беру

4.Постер «Құс», «Қосмекенді», «Балық», «Жорғалаушы»

5.Оқулықпен жұмыс (түсіндіру)

6.Сен білесің бе? (қосымша қызықты мәлімет беру)

7.Сергіту сәті

8.Ойын «Өз орныңды тап»

9.Семантикалық карта

Кейінгі тапсырма

73-75-бетті оқу

Қосымша мәлімет жинақтау

Ақтау қаласы № 16 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі Бекибаева Райханның

ашық сабағының қысқа мерзімдік жоспары

Сабақтың жүрісі:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

Ұйымдастыру

Оқушыларды шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрғызады.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық бәріміз

Арайлап атқан күнге.

өлең жолдарын барлығы қосылып айтады

2

Топқа бөліну

1,2,3,4 сандары оқушыларға таратылады. Топ басшысын сайлап, оның сабақ барысында тобындағы оқушыларды жұлдызшалар арқылы бағалап отыратындығы ескертіледі.

Әр топ сандарына сәйкес орындарын тауып отырады.

3

Өтілген материалды қайталау

- Өткен сабақта қай тарауды аяқтадық?

«Өсімдіктер» сөзі жазылған А3 қағазы таратылады.

Өсімдіктер тарауы екенін айтады.

Постер құрады. Әр топтан бір оқушы қорғайды.

Топ басшысы постер құруда белсенділік танытқан оқушыға жұлдызша береді.

4

Жаңа сабақ

Жануарлар тобы сызба арқылы көрсетіледі, түсінік беріледі.(слайд №1)

5

Кластер құру

Әр топқа құс, балық, қосмекенді, жорғалаушы туралы білетіндерін топтастыру тапсырылады.

Топ мүшелері бірігіп орындайды.

Топ басшысы кластер құруда белсенділік танытқан оқушыға жұлдызша береді.

6

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқып түсіндіреді.

Оқушылар тыңдайды.

7

Сергіту сәті

Слайд №2

Экрандағы әуенмен орындалған жануарлардың қимылын қайталайды.

8

Қосымша мәлімет беру

«Сен білесің бе?» айдарымен Қазақстандағы «Қызыл кітапқа» енген және олардың тіршілігі туралы қызықты мәлімет беріледі.(слайд №3,4)

«Қызыл кітап» туралы білетіндерін айтады.

Жауап бергендерге жұлдызша береді.

9

Қорытындылау

1) Ойын «Өз орныңды тап». Оқушыларға жануарлар топтары мен жануарлардың суреттері беріледі.(слайд №5)

2) Семантикалық карта

(слайд №6)

Жорға

лаушы

Құс

Үй құсы

Қосме

кенді

Қарлығаш

Тасбақа

Тауық

Бақа

Шіл

Кесіртке

Жануарларды сәйкес топтарға орналастырады.

Топ басшысы белсенділік танытқан оқушыға жұлдызша береді.

Әр оқушы берілген критерий бойынша өздерінің жауаптарын бағалайды.

5 – 6 дұрыс жауап –

3 жұлдызша

3 – 4 дұрыс жауап-

2 жұлдызша

1 – 2 дұрыс жауап –

1 жұлдызша

10

Бағалау

Сабақ барысында әр оқушының алған жұлдызша санына байланысты бағалау критерийімен таныстырады.

7-6 жұлдызша – «5»

5-4 жұлдызша – «4»

3-1 жұлдызша – «3»

Оқушылар жұлдызшаларына сәйкес өз бағасын анықтайды.

11

Кейінгі

тапсырма

73 – 75 -бетті оқу

Қосымша мәліметтер жинау

Күнделікке жазады.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.48 Mb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 183

Похожие материалы