Презентация по познанию мира на тему "Құстар" (1 класс)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Асембаева Сая Капашевна
|
Сабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.
Сабақтың мақсаты: Көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру арқылы өлі табиғатта болған өзгерістердің тірі табиғатқа тигізетін әсерін ұғындыру;дүниенің біртұтастығын түсінуге жағдай жасау.
А) білімділік: Оқушыларға құстар туралы түрлі мағлұматтар беру,оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру;
Ә) дамытушылық.Оқушылардың ой-өрісін,тілін,құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.
Б) тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Құстарды қорғауға, жанашырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, құстардың, аңдардың суреттері, құстардың дауыстары жазылған слайдтар мен бейнефильмдер, сюжетті суреттер.
Сабақтың әдісі: түсіндірме,сұрақ-жауап,ойын түрінде тапсырмалар орындау, әңгімелеу, тест, видео көру,есте сақта тапсырма, жұмбақ шешу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық ахуал тудыру.
Сүйейік табиғатты, аялайық,
Бізде одан жақсылықты аямайық.
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз.
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
2. Топқа бөлу: құстардың суреттері арқылы.
І-топ: «Көгершін»
ІІ-топ: «Тоқылдақ» Топ басшыларын сайлап алғызу.
ІІ.Үй жұмысын тексеру
1.Ойын "Шаршыны таңда"
- Аңдар жылдың қай мезгілінде балалайды?
- Неге жабайы аңдар деп аталады?
- Аю баласын қай кезде туады?
- Оқушылар сендер аңдардың балаларының қалай аталатынын білесіңдер ме?
- Ендеше білімдеріңді сынап көрейік.
2.'Кім тапқыр? ' ойыны. 1 слайд.
Ойынның шарты: Суреттерден аңдар мен олардың балаларын сәйкестендіріп, сызбамен қосу.
Түлкі абдан
Аю көжек
Арыстан жаутаң
Қоян қонжық
Барыс бөлтірік
Қасқыр алан
ІІІ. Сабақтың тақырыбын ашу, мақсат қою
-Тыңдаңдаршы, мынау не дыбыстар шулап жатқан? Үнтаспадан құстардың шулаған дыбыстары естіледі. Бізге қонаққа нелер келді?Сабақтың тақырыбы қандай? Қандай мақсат қоямыз?
1.Интерактивті тақтамен жұмыс.
Құстардың тіршілігіне үзінді бейнефильм көрсету. 2 слайд.
Адамға дос пайдалы зиянды құрттарды жояды
Құстар егінге пайдалы
Бау-бақша,ағаштарды қорғайды Сән береді ән салады
Сөзжұмбақ. 3 слайд
1.Қанаты бар тышқан,
Жасырынып күндіз
Қараңғыда ұшқан. (Жарқанат)
2.Бөлейді ұшса,
Аспанды жырға
Тыраулап. (Тырна)
3.Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балта етіп,
Тоқ тоқ тоқ соғады. (Тоқылдақ)
4. Көлдің көркі, сәні екен,
Ұшқанда сазды ән екен.
Ақындар оны мақтаған
Адамдар қорғап сақтаған,
Бұл қандай құс екен? (Аққу)
5. Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. (Ұзақ)
6. Шықылықтап бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды. (Сауысқан)
7. Көктемде құстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Бұл қандай құс, балалар? (Қараторғай)
8. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды.
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
9. Өзі сондай қап қара,
Қарқылдап ұшады. (Қарға)
10. Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (Қарлығаш)
- Ал, балалар оқиықшы, қандай сөз шықты?
- Жыл құстары.
- Олай болса, бүгін біз жыл құстарымен танысып, олардың не үшін жыл құстары деп аталатынын білетін боламыз.Құстардың шалғай жерлерден қандай қиыншылық, кедергілерден өтіп, аман-есен оралатындығын оқып білеміз.Құстардың ұясын қайда салатынын білеміз.Көктемде құстардың тіршілігінде болатын өзгерістермен танысамыз.Қызыл кітаппен таныс боламыз.Табиғаттың байлығы, адамның досы құстарға қамқорлық жасап, әркез қорғай білуді үйренеміз.
6. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтін мазмұнына байланысты слайд көрсете отырып, түсіндіру. 5 слайд
Дала құстары мен үй құстары туралы мәлімет беру.
Сергіту сәті
5.Топтық жұмыс
І-топ: ІІ-топ:
а)табиғатты бейнелеу (аппликация) а)табиғатты бейнелеу (аппликация)
ә) құстар туралы эссе жазу ә) құстар туралы 4 жол өлең шығару
анаграмма шешу
Дәптермен жұмыс
Ән: «Торғайларды қорғайық»
«Құс досымыз, қорғаймыз біз,
Сүп - сүйкімді, сүйеміз торғайды біз.
Ағаш ұя жасаймыз ақ көңілмен,
Қанатты туысқанды, қолдаймыз біз».
Шыр - шыр еткен торғайды,
Қорғамасқа болмайды.
Таспен атып торғайды,
Ұя бұзған оңбайды.
Бағалау
Бағдаршамның түстері арқылы қарсы топты бағалайды. «Жасыл» түс өте жақсы, «Сары» түс – орташа, «Қызыл» түс нашар.
Топ басшылары өз ойларын 1-2 сөйлеммен айтып білдіреді.
Ойын: «Қандай құс жасырынған?»
Шарты: Суреттерде құстың әр түрлі бөліктері берілген. Осы бөліктерден құсты жылдам құрастырып, атын айту керек.
Қай құсқа ұқсағың келеді? Сол құстың суретін таңдап, не үшін оны таңдағаныңды түсіндір.
Қорытындылау: Тест
5. Орман дәрігері деген қандай құс екенін көрсет:
а) шағала б) тоқылдақ
4. «Сен білесің бе?» айдары
Пингвин – жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс. Сонымен қатар, пингвин тік жүре алатын жалғыз құс.
Дүниежүзінде колибридің (әлемдегі ең кішкентай торғай) 321 түрі бар.
Сары шымшық балапандарын күніне 1000 рет тамақтандырады.
Түйеқұстың жұмыртқасының салмағы 1,5 кг дейін жетеді
Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс
Әтеш алдымен мойнын созбай шақыра алмайды екен.
Күн көзіне тура қарайтын құс-бүркіт.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 2.61 Mb |
Количество скачиваний: | 18 |