Презентация по технологии на тему "Жаңа технологияны пайдалана отырып, жүннен сыйлықтық бұйымдар жасау."
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Шералиева Мавлуда Тохташовна
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер
түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың
өздігінен ізденіп жұмыстар жүргізуіне, шеберлік
деңгейіне арттырып ынта-ықыласын молайтуға,
әсемдік пен сұлулықты көріп-білуге үйрету.
Тәрбиелігі:Оқушылардың бейнелеу өнеріне деген
қызығушылығын оятып, батылдыққа, өзіне деген
сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға,
ептілікке деңгейін көтеруге баулу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ұлттық өнер туралы білімдерін
жүйеге түсіріп, шығармашылық қиялын дамыту.
Түрлі түстерді ажыратып, оларды бейнелеу
әрекетінде шебер қолдана білуге үйрету.
Түрі:Теорияны сарамандық жұмыспен ұштастыру
Әдісі:Баяндау, түсіндіру, практикалық жұмыстар.
Көрнекілігі:Жүн туралы плакаттар, бүктемелер, суреттер.
Құрал-жабдықтар:Жүн, сабын, су құятын ыдыс, жұқа мата.
Пәнаралық байланыс: Тарих, сурет, сызу, әдебиет, химия.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Өткенді қайталау
3.Кіріспе бөлім
4.Жаңа сабақты түсіндіру
5.Сарамандық жұмыс
6.Қорытынды
7.Оқушыларды бағалау
8.Үйге тапсырма
9.Жұмыс орнын жинау
І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын , құрал жабдықтарын түгендеу, тексеру. Сабақтың тақырыбымен , мақсатымен таныстыру.
ІІ. Өткенді қайталау:
1.Жыл мезгілдеріне байланысты төрт түлік малдан алынатын жүн түрлерін айтайық.
Жыл мезгілдеріне қарай жүн түрге бөлінеді – жабағы жүн, бұл жүн қойдан күн жылып , мамыражай юолғанда, яғни жазғытұрым қырқылады. Бұл кезде жабағы жүн теріден тұтас көтеріледі (иіріп киім тоқуға, көрпеге осы жүнді пайдаланады). Қозы жүн – қозы туған жылы бірінші қырықлған жүн ( киіз басылады). Өлі жүн деп- теріден жұлынып алынған жүн. Шет пұшпақ жүн- қойдың баурында, пұшпақтарындағы жабырқаған жүнді айтады. Мұндай жүндерді ешкінің қылшық жүні мен жылқының қылына қосып арқан бау-шу есуге қолданады.
2.Тағы қандай түліктердің жүнін пайдаланамыз ?
Жылқының, түйе,ің, ешкінің, қояннің, құстың жүндерін қолданамыз. Жылқының жал-құйрығын «қыл» деп атайды. Жал-құйрықтан арқан, жіп есуге , сүзгі тоқуға, тұзақ есуге қолданады.ешкінің жүнін – түбіт, қылшық деп екіге бөлген. Түбіт иіругежеңіл, одан орамал, щұлық, қолғап, шәлі сияқты киімдер тоқылады. Ешкінің қылшығынарқан жіп есуге қолданады. Түйе жүні – түйенің шудасы, жүні болады. Түйе күш көлігі болғандықтан жүні ұйысып киіздей болып қалады, оны жабағы дейді. Жабағының астынан шығатын жүнді «боздақ» деп атаған. Ол үлпілдек жүн болған. Ал түйенің мойындағындағы, тізесіндегі екі өркештің үстіңгі салалы қылшық жүнін, құстың мамығында іске асырған.
Жүннің қасиеттеріне тоқталайық.
1) Жүн жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан одан тоқылған киім жылы
келеді.
2) Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқаталшыққа қарағанда жүн салмағы жеңіл.
3) Күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшклігі бар.
4) Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді
5) Бояуды жақсы алады.
6) Жүн әрі шуды және тербелістерді
төмендететін қасиеттері бар.
7) Биязы жүннің ылғал тартқыштығы
қылшық жүннен артық.
4. Жүн иіруді бұған дейін меңгерген
болғандықтан ,
жүннің иіруге дейінгі өңделуін
атап өтейік.
1) Жүнді сұрыптаймыз.
2) Жуамыз.
3) Кептіреміз.
4) Жүнді сабаймыз.
5) Жүнді түтеміз.
6) Созамыз.
7) Шүйкелеміз.
8) Иіреміз
Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау XVIII— XIX ғасырларда-ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер тарихынан аян. Ашық түсті ай-шықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қош-қармүйіз, самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған сандыққап, асадал, аяқ-қап, кесеқап немесе шекпен, шапан сияқты киім-кешектер о баста, сөз жоқ, тұрмыстық қажеттіліктен туған. Айталық, жүннен иірілген жіп — жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі жеңіл келеді. Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен жасалған ғой.
Тағы бір ескеретін жай — бұрын-соңды ана тілімізде бұл тектес басылым болған жоқ, оның үстіне жүн басу, иіру, тоқу ісінде ел, жер жағдайларына орай ерекшеліктер де болуы мүмкін. Сол тәрізді жүннен жасалатын заттардың бәрі бірдей қамтылмауы да ықтимал. Соларды ескеріп осы басылым туралы ұсыныс-пікірлеріңіз, алып-қосарларыңыз болса баспаға хабарлауларыңызды өтінер едік.
Асқар тау, таза ауалы, сыңсыған орманды, суы шәрбат, топырағы торқа, қойны құт-қазыналы, ұлан-ғайыр өңірді өріс-қоныс етіп, табиғаттың дарқандығын да, тарпаңдығын да басынан кешіріп, талай-талай тарихи кезеңді өткерген ата-бабаларымыз адамзат қоғамының салқар көшінде өзінің шаруашылық негізіне, тұрмыс тәсіліне, ұлттық ерекшелігіне қарай дара ұлттық дәстүрін, салт-санасын қалыптастырып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, аса бағалы заттық мәдениеті мен рухани мәдениетін сақтап қалды. Бұл адамзат мәдениетінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.
Сол асыл қазыналардан көненің көзіндей болып, дәуірімізге жеткен мұраларымыздың бірі - ұлтымыздың дәстүрлі қолөнер мәдениеті.
Қазақ даласына жібек, қамқа, торғын – торқа, шай, қант керуендер арқылы әкелінді.
Алайда, қазақ халқы шапқыншылық өтінде сан рет «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» болып, қалалары ойрандалып, ғасырлар бойы көшпенді және жартылай көшпенді тұрмысын қайталап отырды.
Қазақ қолөнерінің туындауына, дамуына осы тұрмыс дағдысы тікелей ықпал етті. Ол қоғамдық өндіріспен қатар дамыды. Алғашқы кезде
қолөнеріне үй кәсібі негіз болды. Қолөнершілер қолөнер өнімдерін өз тұрмысының қажетін қамтудан, бірте-бірте малға, затқа айырбастап, оны кәсіп түріне айналдырды. Тапсырыс жасаушылар қолөнер бұйымдарының ақысын мал немесе басқадай заттармен берді.
Қолөнердің дамуына байланысты қолөнер өнімдері молайды. Тапсырыс бойынша өндірілді. Базар сұранысы да ескеріліп отырылды.Халқымыз көшпенді және жартылай көшпенді тұрмыстың мүддесі үшін сан-салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мәселен: малшылық, егіншілік, аңшылық, балық аулау бағбаншылық, қолөнершілік, құрылыс салу тасшылық. Жанама кәсіптер: алтын қазу тас қазу кіре тарту ағаш кесу диірмен ұстау құс бағу сияқты сан алуан кәсіп түрлерімен шұғылданды. Міне, осыған қажетті барлық сайман-жабдықтарды, құралдарды қолдан жасап, өндіріп пайдаланды.
Халқымыз көшпенді және жартылай көшпенді тұрмыстың мүддесі үшін сан-салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мәселен: малшылық, егіншілік, аңшылық, балық аулау бағбаншылық, қолөнершілік, құрылыс салу тасшылық. Жанама кәсіптер: алтын қазу тас қазу кіре тарту ағаш кесу диірмен ұстау құс бағу сияқты сан алуан кәсіп түрлерімен шұғылданды. Міне, осыған қажетті барлық сайман-жабдықтарды, құралдарды қолдан жасап, өндіріп пайдаланды.
«Жүн» дегеніміз - жан-жануардың үстіндегі түгі, қылшығы екеңі баршаға аян.
Халқымыздың ғасырлар бойына мал шаруашылығымен шұғылдануы мал жүнін пайдалануына табиғи негізі болды. Өйткені көшпенді тұрмыс қажетіне өтейтін өнімдерге мұқтаж еді. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, шыдамды, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы (суықтан, ызгардан, күн көзінен т.б. қорғайды), алып жүруге ебдейлі және жеңіл. Бұл өнімдер тұрмыс тәжірибесі барысында сараланың, дамып отырды. Осы негізде пайдаланылған баспана, төсеніш, үй жабдығына қажетті заттарды көліктерге (атқа, түйеге) артып-тартуға, беріктеу, сәндеу мініс көліктерін, сауын малын, төлдерін қолда ұстау жұмысқа жегуде арқан-жіп, бау-шу ноқта, көген, жел сияқтылардың да алуан түрі жасалынды. Жүннен киіз басылып, үй жабылды. Текемет, сырмақ сияқты төсеніштер мен қабырғалық дорбалар, мүліктердің қабы барлығы дерлік киізден жасалды.
Күзем алардан бұрын қой-қозыларды ағын суға тоғытып алады. Тоғытылған қой – қозы жүні шуашынан, кірінен, шаң – топырақтан арылады. Тоғытудың мақсатыда міне осы. Тоғыту аяқталып, қой – қозы жүні кепкен соң қырқым басталады.
Қырқым кезінде жүнге шөп – шалам ілінбеуі, таза болуы үшін қой – қозы қырқылатын жерге көне туырлық, үзік төселіп қырқым науқанына дайындалады.
Күзем алудың дәстүрлі сайманы – қырықтық. Ол - өткір, түп жағы жалпықтау басына қарай сүйірленіп үшкірленген, қарама – қарсы екі жақтаудан тұратын темірден жасалған сайман.
Сабау – ырғайдан, талдан алынатын бір жұп жіңішке таяқша. Қолға ұстайтын жағының 8 – 9 см жерінің қабығы қалдырылып, басқа жері қабығынан толық аршылады. Ұзындығы 110 см таяқшаның бас – аяғын кесіп, кептіреді де жүнді ілмеу үшін және жүрдек болсын деп, қоламтаға бірнеше рет сүңгітіп алып, сыртын тегістейді.
Түту – іртігін қолмен жазып үлпілдетіп алу. Түтілетін жүндердің ақ, қарасы, әр түрлі түске боялғандары бөлек түтіліп ийіріледі. Иірілетін жүндер іртіксіз майда болуы қажет. Сол үшін жүнді түтіп, онан соң шүйкелеп алады.
Ұршық – аналарымыз тарихтан бері қолданып келе жатқан жіп иіру жабдығы, қазақтың әр отбасында бір – екі ұршық болады.
Ұршық үш бөлімнен; - басы, сабы, мұрындығынан тұрады. «Мұрындық» деп, ұш жағының екі жаны жұқартылып келтіріп, ортасы тесіліп көлденеңінен жіңішке (сіріңке талының жуандығындай) ағаш өткізілген бөлігін атайды. Ұршық осы мұрындығына жіп ілу арқылы иіріледі. Сондықтан мұрындық ұршықтың барлық ауырлығын көтеретіндей ағаштан жасалады. Осы бөлігінен бастап ұршық басы орналасатын жерге дейінгі ұршық мойны 10 -11 см, сабы 30-40см болады.
Жиһаздарға қолданылатын декоративті кілемшелер және стол үстіне төселінетін сәндік кілемшелер жастық тыс қабы декоративті салфеткалар.
Ыстық бұйымдардың стол бетін зақымданудан қорғайтын жүннен иіріліп қалыңдатылып тоқылған бұйымдар ретінде және де сол ыстық бұйымдарды ұстауға арналған қолғап жасауға болады.
Жүннің қасиеттеріне тоқталайық.
1)Жүн жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан одан тоқылған киім жылы келеді.
2)Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшыққа қарағанда жүн салмағы жеңіл.
3)Күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар.
4)Жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді.
5)Бояуды жақсы алады.
6)Жүн әрі шуды және тербелістерді төмендететін қасиеттері бар.
7)Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүннен артық.
Оқушылардың екі ауылға бөлеміз.
«Іскер», «Шебер»
«Іскер» тобы сәнді моншақ жасайды.
«Шебер» тобы өңір таққыш (брошка)
Тип материала: | Презентация Power Point (ppt) |
---|---|
Размер: | 40.25 Mb |
Количество скачиваний: | 19 |