Презентация по воспитательной работе на тему "Жаса, жайна туған ел - Егеменді Қазақстан"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Презентации
Автор:

Қазақстан… Елбасы… Астана… Бұл үш ұғымсыз бүкіл елімізді елестету мүмкін емес. Ойы жүйрік, зердесі сарай кім болмасын, осы үш-ақ ұғымға ұлан-байтақ Қазақстан Республикасы, оның әлем танып, түркі дүниесі бас иіп, құрметтеген Елбасымен қатар Отанымыздың жүрегі Ақордалы Астана сыйып тұрғанын бірден түсінері хақ. Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18 күндері оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев Алматы, 1991 жыл 12 желтоқсан.   Егемендігімізге қарай ең алғаш дабыл қаққан осы оқиғаның өткеніне 20 жыл толуына орай Алматыда “Тәуелсіздік таңы” ескерткіші салтанатты түрде ашылып, рәсімге Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты”, – деп Тәуелсіздік құнын тереңнен толғай келіп, айрықша тұжырымдаған.Астана – ару, арман қала! Қазақстанның кіндігі – Ұлы даланың жон арқасынан “күндіз күміс, түнде алтын” болып ағатын, шәрбат Есілдің жағасында лағыл-інжудей түрленіп, “өзіне өлердей ғашық етер, тал бойында бір міні жоқ сылаңдаған сұлудай” бой түзеген шаһарға келу мен қызықтауды кім армандамайды дейсіз?! “Астанаға бардым!”, “Астанадан келдім!”- деп, барғанымызда, келгенімізде сондай бір айрықша қуаныш сезіммен айтсақ, астаналықтар: “Мен – астаналықпын!”- деп, мақтанышпен айтады. Уақытпен қатар ажарланып, айшығына өрнегі жарасқан әсем де жас қаланы аралап, Бәйтерекке бір көтеріліп қайтуға еліміздің түкпір-түкпірінен еңкейген кәріден еңбектеген жасқа дейін толассыз ағылып, келіп жатады. Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан келіп-кетіп жататын шетелдік саяхатшылардың өзі қаншама! Иә, гүлдене бер, Астана!

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 2.67 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 129

Похожие материалы