Презентация сабақтар
Предмет: | Биология |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Мукышева Динара Тургановна
|
«Менің денсаулығым - менің болашағым»
Мақсаты:
- Салауатты өмір салты туралы түсінік қалыптастыру;
- жасөспірімдердің организмдеріне есірткі заттардың, ішімдіктердің, темекінің зиянын түсіндіру, олар туралы түсінік беру;
- зиянды әдеттермен күресу шараларын қарастыру.
2. «Жамандық аяқ астында,жақсылық ағаш басында» демекші,әсіресе он екіде бір гүлі ашылмаған жас ұл-қыздарымызға ересектердің аялы алақаны мен қамқорлығын сезіндіру;
Кеш жоспары:
1.Ашық микрофон
2.Миға шабуыл
3.Тренинг «Тосын сый»
4. «Кубизм» стратегиясы
5.Тренинг «Қуыршақ адам»
6. «Екі жақты күнделік»
7. Тренинг «Денсаулық вальсі»
8.Қорытынды
Эпиграф :
СТО-ның мақсатын,
айтайын мен бағытын:
Оқушының тұлғасын
"Жеке" қылып дамыту.
Жеке тұлға - адамның
ең өрелі әлемі,
Жинақталған қасиеттердің
жүйесі мен мәнері.
Психикалық рухани
жан дүние өнері.
Әдістерден тиімді
сүзіп алып қаймақты
Ұстаз деген білімді,
Болу керек жан-жақты.
І.Қызығушылықты ояту :
Жүру барысы:Құрметті қонақтар,ұстаздар,мектеп оқушылары!
«Менің денсаулығым-менің болашағым» атты кешімізге қош келдіңіздер!Сіздің армандарыңыздың қаһармандары-әртістер, спортшылар,немесе ғарышкерлердің старт алдында өзінің бар еркімен мүмкіндігін жмылдыратыны сияқты.Сізде 12-13 жасыңызда мәре алдында тұрасыз.Сіз өзіңіз үшін аса маңызды үлкен өмірге аяқ басасыз.Ендеше біздің кешіміз сіздерге бұл жөнінде ақылшы болады деп сенемін.Бұл бағыттағы сапарларыңыз оң болсын!
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Біз болашағымыздың сара бағыты,яғни, болашақ біздікі.Болашақ ғасыр иелерінің дені сау,терең білімді,жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт.Өркениетті елдер қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына біздер үлкен үлес қосып,аянбай еңбектенеміз.Бұларды естіп қана қоймай,өмірде пайдалану әрқайсымыздың міндетіміз»- деген болатын.Ендеше,жасқспірімдерді,салауаттылыққа,өмірді сүюге,қадірлеуге,тәрбиелеуде ғасыр дерті болып отырған ЖҚТБ туралы оқушылардың пікірін тыңдайық:
І.Ашық микрофон
1.АҚТҚ дегеніміз не?
2.ЖҚТБ дегеніміз не?
3.АҚТҚ қалай беріледі?
4.Вирустың жұғу жолдарын атаңдар.
5.Вирусты өлтіруге бола ма?
Тренинг. «Тосын сый»
Мақсаты:Нашаны пайдаланудың себептерін анықтап,талдау.
Қорытынды сөз: Көпшілік жастар нашақорлыққа тек қызығудан келетіні белгілі болған. Өйткені, темекі түтінін бір ғана сорып көрсем, анашаның дәмін бір ғана татып көрсем, шарапты бір ғана ішіп көрсем не болар екен, менің басқалардан қай жерім кем ? - деген сұрақтардан жаман әдеттерге қызығу не әуестену басталады.
ІІ. Мағынаны ажырату. «Кубизм» стратегиясы бойынша.
Топтардың орнындарын ауыстыру. (зиянды заттар арқылы)
Әр топқа белгілі бір мәтіннің көмегімен кубикті лақтыру арқылы шыққан тапсырмамен жұмыс жасатқызу.
«Есірткі» тобы - баяндаңыз
«Темекі»тобы - зерттеңіз
«Ішімдік» тобы - дәлелдеңіз
Олай болса әр топ өз тапсырмаларын алды, орындауға 10 минут, қорғауға 5 минут.Постер қорғау
Тренинг. «Қуыршақ адам»
Мақсаты: Адамның өзін-өзі басқаруда біреуге тәуелді болу кезіндегі сезімінің жай-күйін бағдарлау;
Қорытынды.Қатысушылардың қуыршақ ролін ойнағанда сезімдерінің қандай күйде болғанын білу және ол оларға ұнады ма?
«Екі жақты күнделік»
Тақтадан видео көрсету «СПИД»
Тренинг. «Денсаулық вальсі»
Мақал- мәтелдердің жалғасын табу арқылы әр адам өзінің билейтін жұбын табады. Сергіту мақсатында әрбір жұптарға ортада вальс билетіледі.
1. Топтарға сұрақ қойылады :
Салауатты өмір салты дегеніміз не ?
(топ мүшелері өз түсініктерін параққа жазады бүктеу арқылы, содан кейін екі (қыз, ер) оқушы шығып, ақ қағазға жазылған анықтаманы оқып шығады.
Әр топ өз анықтамасын жазады.
Тақтада ғылыми тілде жазылған анықтаманы көрсету.
1.Салауаттылық өмір салтын ұстану ережелерін құрастыру.
Әр топ кластер дайындап қорғайды.(парақ тарату)
«Өзім үшін жазу әдісі»
Біз бүгінгі кешімізде ЖҚТБ жайында ашық әңгіме жасадық.Осы тақырып төңірегінде өз ойымызды ортаға салып,жолдастарымыздың пікірін білдік,тыңдадық.Сіздердің әрқайсыңыз өмірдің әртүрлі кезеңдерінде өздеріңізді жігерлендіріп,рухтандырып,кейде дәптеріңізге, күнделіктеріңе бір ой толғам жазасыздар немесе өз-өзіңізбен кеңесіп,өздеріңізге сөз бересіздер.Дәл осы қазір осы мәселе төңірегінде берілген тақырыптарға өз пікірлеріңізді жазыңыздар. (парақ тарату)
1.Мен өзім үшін 8сынып
2.Егер де мен.... 9сынып
3.Мен,20 жылдан соң...... 10 сынып
ІІІ. Қорытынды
Жас жеткіншек!!!
Сіз өзіңізді-өзіңіз құрметтеуге тиіссіз.Бойыңыздағы бар қабілетіңізді тек жақсылыққа бағыттай біліңіз. Зиянды әдеттерден,ішімдіктен,есірткіден аулақ болыңдар.Өздеріңіздің бос уақыттарыңызды әрқашан пайдалы іске жұмсаңыздар.Өз тағдырың өз қолыңда.Денсаулықтарың мықты болсын,спортпен шұғылданыңдар.Сіз ел үшін керексіз.Өйткені, Сіз-тәуелсіз еліміздің болашағысыз
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 24.91 Kb |
Количество скачиваний: | 20 |