Здесь была ссылка на работу Презентация. Сайысы «Уздік жас физик» автора Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңізді ортаға салып, білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің сайысымыздан, яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар. Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейін. Сайыс шарты : Сайыс 5 турдан тұрады . Әр турдың соңында төмен ұпай жинаған ойыншылар сайыстан шығып отырады. Соңында 2 ойыншы қалады. Сайыстың турлары: І тур. Алғашқы тур «Кім тапқыр?» деп аталады. (Мұнда тест сұрақтары беріледі. Барлығы 10 сұрақ. ІІ турға жоғары ұпай жинаған оқушылар қатысады ). ІІ тур. «Білгір болсаң, тауып көр» деп аталады. Бұл турдағы тапсырма «Қай ғалым?» деп аталады. Мұнда физика ғылымында ашқан жаңалықтары , еңбектері бар ғалымдар жасырылады. ІІІ тур. «Жүйрік болсаң, шауып көр» деп аталады. (Мұнда «Сиқырлы текше» беріледі, 20, 30, 40, 50 ұпайдан тұратын сұрақтар қойылады) ІУ тур. «Ойлы болсаң, озып көр» деп аталады. (Әр ойыншыға 5 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады. Жауап толық болмаса, бір ұпаймен бағаланады.) У тур. «Мықты болсаң, жеңіп көр» деп аталады Қорытынды бөлім «Қызықты тәжірибелер» деп аталады. Сайыс қорытындысымен ең жоғары ұпай жинаған екі оқушы қатысады.