Презентация "З - ж ұқсас дыбыстарды ажырату" логопедиялық сабақ
Предмет: | Логопедия |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Ешбагамбет Алтынгул Наукановна
|
Күні: 22 – 26 ақпан
Аптасы: 4
Сабақтың тақырыбы: «З - ж » дыбыстарын ажырату.
Сабақтың мақсаты: З – ж дыбысының артикуляциялық дыбысталу ерекшелігімен таныстыру, сөз арасында талдау жасау, фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Байланысып сөйлеу тілдерін дамыту. Тақырып бойынша сюжетті картинамен жұмыс
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: З – ж дыбысын дұрыс айтып, буында, сөзде, сөйлем ішінде анық айтуға дағдыландыру. Айтылған сөзді дұрыс түсіну, сұрақтарға дұрыс жауап беру. Берілген тапсырманы дұрыс орындау және тақырыпқа бйланысты сөздерді жүргізіп оқу. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа, достыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет , кішіге ізет көрсете білуге үйрету.
Б) Түзетушілік: Сөйлеу және есту мүшелерінің жұмысын ұсақ моториканы дамыту арқылы бекіту. Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту, дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Оқу іс - әрекетін ұйымдастыру.
- Сәлемдес.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қандай ай?
- Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
Ә) Дайындық жаттығуларын жүргізу.
Артикуляциялық жаттығулар: «Тәтті тосап», «Көңілді тіл», «Ат шауып келеді», «Әткеншек».
Дауыс жаттығу:
Оқушының дауыс күшін бір демалыста жай, қатты, қатты, жай алмасуын үйрету.
Тыныс жаттығулары.
ІІ. Жаңа сабақты баяндау.
1.З – ж дыбысының артикуляциялық кескіні.
З – ж дыбысы дауыссыз дыбыс.
З – ж дыбыстары ызың дыбысқа жатады.
Бала айнаға қарап З – ж дыбысын айтады.
2.Суреттерді ата.
Зымыран, жапырақ, із, зергер, жолбарыс.
3.Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
- З дыбысын естігенде қолыңды көтер.
А, о, л, т, у, д, з, й, п, н, у.
-Ж дыбысын сурет арқылы ажырату.
Уық, ата, тауық, жолбарыс, доп, машина, ыдыс, тау..
ІІІ. Сергіту сәті.
Ұсақ моторикаға жаттығу.
Нүктелерді қосып, « з – ж » әріпінің кескінін бастыру.
IV. Қорытынды.
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- З – ж дыбыстары қандай дыбыс?
V. Бағалау.
-Берілген тапсырмаларды жақсы орындадың. Жарайсың! Сау бол!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 14.33 Kb |
Количество скачиваний: | 52 |