"Презентацияны құру. Безендіру шаблондары" Кембридж технологиясы бойынша

Предмет: Иностранные языки
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазіргі таңда мұғалімдер арасында білім жүйесін заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білім беруде барлық оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы айтылған жаңа әдістемелер арқылысапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, сын тұрғысынан ойлау қабілетін, шығармашылық іскерлігін қалыптастыру, өзін-өзі әділ бағалай білуге үйрету, оқушылардың таланты мен қабілетін ашу, оларды оқыту барысында дамыту болып отыр. Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып, түсіндіріліп, пысықталып, балаға білім негіздері қалыптастырылады. Соның нәтижесінде ,қалай оқу керектігін үйреніп, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияға құзырлылық танытатын оқушы қалыптасуы керек.(Нұсқаулық 6-бет.) Оқу баланың өмірінің бір кезеңі, оның өмір сүріп жатқан ортасы.

Жалпы білімді жетілдіру негізіне құзыреттілік тұрғысынан қарау ұйғарымы бүгінгі күннің басты талабы. Құзыреттілік – алынған білім мен білікті тәжірибеде күнделікті өмірде қандайда бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алуға қабілеттілікті білдіреді. Сондықтансабақтың құрылымын дәстүрлі сабақтан гөрі жаңаша білім мазмұнына жауап беретінКэмбридж әдісі негізінде құрылған бағдарламаның жеті модулін қамти отырып, сын тұрғысынан ойлау технологиясының түрлі стратегияларын қолдану арқылы құрастырдым.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 14.76 Mb
Количество скачиваний: 1
Просмотров: 105

Похожие материалы