Прикладной курс по информатике
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Сагынгалиева Арайлым Нурлановна
|
«C++ тілінде программалау» курсының негізгі мақсаты:
· оқушылардың программалаумен байланысты мамандықтарға қызығушылығын
қалыптастыру;
· оқушылардың алгоритмдік мәдениетін қалыптастыру;
· оқушылардың алгоритмдік ойлау қабілеттерін арттыру;
· оқушылардың программа құрудағы сауаттылық дағдыларын қалыптастыру.
«C++ тілінде программалау» курсының міндеттері:
· оқушылардың программалау технологиясын меңгертуге көмектесу;
· С++ программалау тілін пайдалана отырып, есептерді шешуге үйрету;
· оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру негізінде программалау
технологиясын меңгерту;
· оқушылардың қызығушылықтарын арттыру арқылы өз білімін жетілдіруге
талпындыру;
· оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға талпындыру, логикасын жетілдіру,дарындылық
қабілеттерін ашу;
· оқушыға өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін ашуға көмектесу.
«C++ тілінде программалау» курсының өзектілігі:
Бұл ұсынылып отырған бағдарламаның өзектілігі оқушыларға программалау технологиясын қазіргі заманғы жаһандану процесіне сай ұсыну, ұғындыру және практикада қолдана білуге үйрету болып табылады. Аталған курсты бітірген оқушылардың аналитикалық, формальды-логикалық ойлау қабілеттері артта түседі, өйткені программалау технологиясы тұнып тұрған логика болғандықтан, балалар стандартты емес ойлауға бет бұра түсері сөзсіз. Бағдарламаны жаратылыстану бағытындағы сыныптарда оқыту тиімді.
Бұл бағдарламаның басқа бағдарламалардан ерекшелігі – оқушыларды өздігінен білім алуға талпындырады, информатиканың өзге де пәндермен байланысын айқындай түседі, оқушы танымын дамытады. Курста шығармашылық тапсырмалар, жобалық тапсырмаларға жете көңіл аударылған, бұл оқушылардың ойлау және шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін арттырары сөзсіз.
Сабақтың негізгі өтілу тәсілдері – практикалық жұмыстар, дәрістер, шығармашылық сабақтар, жобалық тапсырмалар. Курстың барлық тапсырмалары дербес компьютер және Dev C++ бағдарламалау ортасының көмегімен шығарылады. Жұмыс жалпы лекция, семинар және практика сабақтар негізінде жүргізіледі.Ұсынылған курс 7-9-сыныптарға арналған. Курсқа 34 сағат бөлінген. Курс түсіндірмелі хаттан, тақырыптық жоспардан,зертханалық жұмыс, практикалық сабақтардан, жобалық тапсырмалардан тұрады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 54.57 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |