Проект на тему "ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Алғы сөз

 

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - ұстаздардың қолында»- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсетті.

Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері немесе тәсілдері жоқ. Сондықтан дарынды балаларды анықтау үрдістерін әр мектеп әртүрлі жоспарлайды. Мектеп әкімшілігі оқушы қабілетін дамытуды жоспарлы түрде жүргізеді. Олар әртүрлі зерттеулер, сабақтарға ену, қай оқушының қай бағытқа бейімділігі, әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік мектеп әкімшілігінің отырысында бекиді. Олимпиадалық резервтерді дайындау, өзіндік білім дамыту, сабақта, үйірмеде, сыныптан тыс жұмыстар, оқушы қабілетінің дамуы, жетекшілердің жүргізген тәрбие жұмыстары арқылы іске асырылады.

     Ұстаздар қауымына мектеп жасындағылардың қабілеттерін, талантын және дарындылығын анықтап, олармен жұмыс істеу жолдары тапсырылып отыр. Дарынды балаларды іздеу, оларды  оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет. Себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық. Ендеше сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін ( технология) қолданамыз.

 

         Осы жұмыста педагогикалық тәжірибемде талантты және дарынды оқушылармен жүргізген сабақ жоспары және сол жұмыстардың орындалу тәртібі жайлы жазылды. Талантты және дарынды оқушыларды анықтауда жеті модуль пайдаланылып, тапсырмалар қарапайымнан күрделі түріне дейін дайындалады. Осы тапсырмалар талантты және дарынды баланы анықтау және олармен жұмыс істеу әдісі бойынша жүзеге асырылады. Сіздерге ұсынылған жұмыстар 2012 жылы алғаш рет Көкшетау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында әр облыстың мұғалімдерінің, тренерлердің, тәуелсіз сарапшылардың, ағылшындық бағалаушының алдында өз мақсатына жеткен жұмыс. Содан бері ғылыми жоба ретінде емес өзімді қызықтырған модуль ретінде ізденісімді оятты. Ізденіс барысында талантты және дарынды оқушылар жайлы жан-жақты мәліметтер жинадым. Кейіннен мектептегі әріптесім география пәнінің мұғалімі Өнерхан Айнұр осы әдісті пайдаланып, география пәнінен, аудандық семинарда сабақ өткізіп, өз нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Рашатхан Айнагүл әдебиет сабағынан жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, тізбектелген күнделікті сабақ жоспарын құрастырып, әр сабақтың өзінше қызықты, әрі балалардың деңгейін анықтай алғандығына көз жеткізді. Сол тізбектелген сабақтардың ішінен ең сәтті болған сабақтың жоспарын қосуды ұсынды.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 3.2 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 108

Похожие материалы