Программалау тілінің қарапайым объектілері.

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Программалау тілінің қарапайым объектілері.

Мақсаты:

Қарапайым объектілерді ажырата және қолдана білу, олардың Паскаль тілінде жазылу ерекшеліктерін меңгеру;

Бұл ұғымдардың барлық прораммалық тілдерге ортақ екеніне назар аудару, ортақ қасиеттер мен шамалар туралы білімдерін дамыту;

Көпсалалық, жан-жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

· Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

· Журнал толтыру;

· Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс. (10мин)

1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)

2. Қысқаша сұрақ-жауап;

· Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?

· Түйінді сөз деген не? Бірнеше мысал келтір.

· Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.

· Математикадағыдан басқа Паскаль тілінде тағы қандай амалдар қолданылады? Мысал.

· := ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?

ІІІ. Жаңа сабақ(15мин)

Белгілі бір ортадағы сан-алуан нәрселердің әрқайсысын жеке атап жүрмес үшін оны объекті деп атайды. Олай болса Паскаль ортасында қандай обектілер бар деп ойлайысыңдар? Паскаль ортасындағы объектілерге мыналар жатады: «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция», «процедура» және «өрнек»

1. Сандар. Сандар мен айнымалылар бүтін және нақты болады.

Бүтін сандар: 1, 2, -9, 100, 65535, 0 т.б. (integer)

16-лық бүтін сандар: $F, $8B2,…

Нақты сандар: 1, 2, 2.65, 0, -6.0, 512, 12052500... кез-келген санды нақты санға жатқызуға болады. (real);

2. Атау-идентификатор. Айнмалыларды, файлдарды т.б объектілерді белгілеуге арналған таңбалар тізбегі. Мысалы:

х:=15.5; a:=512; mektep:=’Жібек жолы’ … Мұндағы х, a, mektep идентификаторлар ал, 15.5, 512, ’Жібек жолы’ – бұлар айнмалылардың мәндері. Паскалдың қызметші сөздері немесе операторларын белгілейтін сөздерді (var, integer…)атау ретінде алуға болмайды. Кез-келген қазақша сөзді ағылшын әрпімен жазып, атау ретінде алуға болады.

3. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріссіз қалатын шаманы айтады. Мыс: g:=9.81 k:=9E9 e:=1.6e-19…

4. Айнымалылар деп программаның орындалу барысында мәні өзгеріп отыратын шамаларды айтады. Ондай шамалар шексіз көп. Мысалы: ауа райы, уақыт, жыл мезгілдері...Айнымалыларды екіге бөліп қарау керек.

Қарапайым айнымалылар – бұлар өз атауларымен ғана жазылады.

Индексті айнымалылар – бұларда айнымалының атымен бірге индексі де жазылады. Оған кестелік шамаларды жатқызуға болады. Мысалы: сабақ кестесі – баған (сыныптар) және жол нөмірі (күндер) арқылы көрсетіледі.

5. Түсіндірмелер программаның әр жолының тұсына {} фигуралы жақша ішіне жазылады. Олардың көмегімен программаны талдау, түсіну оңай.

ІІІ. Сабақты бекіту: (10мин)

1. Қатарда жазылған сандардың қандай ортақ қасиеттері бар?

-10, -5, 0, 5, 10, ..., ..., бүтін сандар,

-1,5, -1, ..., 0, ..., ..., 1,5, ... нақты сандар.

2. Осы сандар қатарында қандай заңдылық бар?

Бүтін сандар 5-ке артып отырады. Арифметикалық прегрессия заңдылығы бар.

Нақты сандар қатары 0,5-ке артып отырады, АФ заңдылғы бар.

3. Мына айнымалыларға қандай мәндер берілуі мүмкін?

Типі сөз болса mektep, vuz, (кез-келген сөз)

Типі нақты болса dd, x, y2, (кез-келген сан)

Типі бүтін болса ddч, xч, y23, (тек бүтін сандар)

4. Тұрақтылар мен айнмалыларды көрсет, басқа мысалдар келтір?

5,5, 600, m6, aaa, mektep, 1.6e-19, 9.81, ауа райы, уақыт, мемлекет атауы, планета атауы, жастық шақ, масса, удеу, хим.элем.аты...

IV. Оқушыларды бағалау: (5мин)

V. Үйге (3мин)

§2-4

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 38 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 102

Похожие материалы