Психологиялық ойын және жаттығулар

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:

1-ойын (8 жастан)

     Ауа райы

 

Мақсаттар: Балалар (мұғалім) өзін «қалыпты» сезінбейтін күндері болады. Мүмкін оларды мұң, реніш немесе ашу-ыза билеген болар, олар өзін тыныштықта қалдыруды қалайтын шығар. Бір уақыт жалғыздықта болу құқығын алса, баланың қалыпты жағдайға оңай түседі, өз сезімдерін жеңіп шығады және сынып өміріне тезірек бойлайды. Осы жаттығудың көмегімен мұғалім балаға бір уақыт оның араласпаушылық құқығын мойындайтынын ұғындырады. Осындай сәтте өзге балалар әр адам жанының осындай көңіл  күйін сыйлауға үйренеді.

 

Материалдар: Қағаз және балауыз борлар.

 

Нұсқау: сіз сыныптастарыңызға өз «ауа райыңызды» көрсетесіз. Сонда сізді бір уақыт тыныштықта қалдыру керек екендігін бәріне де түсінікті болады.

 

 

Бір парақ қағаз бен балауыз борларды алыңыз да өз көңіл күйіңізге сәйкес келетін сурет салып, болмаса, үлкен әріптермен «Ескерту: теңіз дауылы» деп жазып қойыңыз. Осылайша сізде «жайсыз ауа райы», ең жақсысы ешкімнің өзіңізге тиіспегені жөн екенін білдіресіз. Егер өзіңізге тыныштық керек екенін сезсеңіз, барлығы білуі үшін осындай қағазды партаңыздың алдына қойып қойыңыз. Өзіңізді жақсы сезінген кезде, қағазды алып тастайсыз. Ол үшін бұлт пен жаңбырдың арғы жағынан шығып келе жатқан күнді немесе шуағын шашқан күнді бейнелейтін шағын сурет салып қойыңыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.53 Kb
Количество скачиваний: 82
Просмотров: 248

Похожие материалы