Психологиялық тренинг: Мен және менің ортам
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Байбоз Жанар Жанжігітқызы
|
Психологиялық тренинг
Тренинг тақырыбы:Мен және менің ортам
Тренинг мақсаты:Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялықтұрғыдандайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Көрнекіліктер:«Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.
Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) топқа бөлу, амандасу – «таныстыру» жаттығуы
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау:
а) топта жұмыс істеу ережесі /әр тапсырмаға уақыт беру/
ІІІ. Негізгі бөлім:
а) «Автопортрет» жаттығуы
б) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы
в) Оқушының сипаттамасы /постер/
ІV. Қорытынды бөлім:
а) «Жүйрік ой» жаттығуы.
б) «Кері байланыс» жаттығуы.
Тренингтің жүру барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: /амандасу, тренинг сәттіөтуіне тілек айту, топқа бөлу/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау:
-Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг сабағы. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтарыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
а) Тренингке дайындық, топта жұмыс істеу ережесі:
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
1.Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
2. Болып жатқанға белсенді қатысу.
3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу.
ІV.Негізгі бөлім:
а)«Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау:Әр қатысушыға бір беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 5 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты:Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.29 Kb |
Количество скачиваний: | 52 |