Психотехникалық ойындар /5-7 сыныптарға арналған/

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Психотехникалық ойындар өткізу.

  1.Ойын. «Шеңбер құрып тұрыңдар» , «Келіңдер , ойнайық» бұл сиқырлы шақыру мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді ғана емес  ақыл ойы жоғары деңгейдегі жастар тобын да бей-жай қалдырмайды. «Мен сіздерге жаңа ойын үйретемін, бірақ бұл ойынның астары бар. Бұл ойынды неге ойнаймыз, өзімізге –өзіміз қандай эксперимент жасап жатырмыз, ойын өзіміз жайлы, бір-біріміз жайлы қандай жаңа ой беретіні өздеріңізге белгілі болады. Бастаймыз. Менің айналама жиналыңдар. Мен «бастаймыз» дегенде көздеріңді жұмып кез келген жаққа қарай күлкілі қозғалыс жасайсыңдар, бір-біріңді соғып, аяқтарыңды басып кетпеулерің керек және бал жинаған арадай гүжілдеңдер.Біраз уақыт өткен соң мен алақанымды екі рет соғамын. Көздеріңді ашпай, ешкімге қол тигізбей шеңбер жасап тұруға тырысыңдар. Бұл кезде айналада түгелдей тыныштық орнауы керек, өйтпеген жағдайда қастарыңызда тұрған адамды да, өздеріңіз жасап тұрған шеңберді де сезіне алмайсыздар. Сіздің шеңбер үшкір немесе қырлы болып қалуы мүмкін. Ойынға қатысушылар түгел өз орындарын тапқанда мен алақанымды үш рет соғамын, сол кезде көздеріңді ашып қандай шеңбер жасағандарыңды көріңіздер. Топ»шеңбер» құра тұрып, көздерін ашқанда, жүргізуші шеңберді жіппен белгілеп, қатысушылардың біріне пайда болған бейнені қағазға түсіруін өтінеді. Қатарға ұһқайта тұру уақытын белгілейді де қысқа рефлексті ойын өткізеді. Бір-біріне сенетін және бірігіп жұмыс жасай алатын адамдар тез арада шеңбер жасап тұра қалады. Алынған нәтиже-сызылған бейне мен шеңбер құруға өткен уақыт. Біраз уақыттан соң ойынды қайталап белгілі топтың өзара келісімінде өзгерістер бар ма жоқ па байқап көруге болады. Осы аталған ойынның астары көп. Жүргізушінің топтар мен жеке қатысушылардың кооперативтік стильдегі экпресс-диогностикасын жасауға мүмкіндігі болады. Топта жалпыға ортақ тапсырманы шешу үшін еңбектеніп жүрген адамдар ерекше байқалады, олар жарыс шарттарының бұзылуына да және басқа жағдайларға да көңіл бөлуі мүмкін. Осындай нәтижелерді негізге ала отырып, жүргізуші белгілі топтың бірігіп жұмыс жасау деңгейіне баға беріп, оны біріккен жұмыстың келесі сатысына жіберуі мүмкін.

2.» Онға дейін санау « ойыны.

Жетекшімен қоса бәрі бір-біріне иықтарын, шынтақтарын тигізбей шеңбер құрып тұрады. Қазір «бастадық» деген белгіден соң көздеріңді жұмасыңдар, мұрындарыңды төмен салып, алты жасар баланың ісін істеуге тырысасыңдар, бірден онға дейін санайсыңдар. Біреу «бір» дейдіекінші адам «екі», үшінші адам «үш» дейді, солай кете береді. Әйткенмен ойынның мынадай тәртібі бар:

Бір санды бір-ақ адам айту керек, мысалы төрт дегенді екі адам қатар айтып қалса, ойын бұзылады да қайта басталады. Әр жеңілістен кейін көздеріңді ашып, бір-бірлеріңе қарауға болады, тек сөйлеуге болмайды бір-біріңді үнсіз түсінуге тырысыңдар.

3. Ойын «Бұрылыс».

Ойынға қатысушылар араларында 40-50 сантиметр бос жер қалдарып, қатарласа тұрады. Бұйрық бойынша қатысушылар көздерін жұмып, кез-келген жаққа 90 немесе 180 градусқа бұрылады. Ойынның тәртібі бойынша бұрылыстан соң бәрі бір бағытқа қарап тұрулары керек. Алдын ала келіп жасауға тыйым салынады. Осыдан кейін барлығыңыз көздеріңізді ашасыздар. Сәтсіздікке ұшырағандай жағдай болса, бір бағытқа бұрылуға ұмтылыс қайта қайталанады. Сәтсіз ұмтылыстар саналады.

4.Ойын. «Бәрі-кейбіреулер және тек Мен»

Бәрі кең шеңбер жасап жайғасып отырады. Шеңберде неше қатысушы болса, сонша орындық болады. Жүргізуші ортада тұрады. Онда орындық жоқ. Жүргізуші ойын тәртібін түсіндіреді: «Мен қазір бірнеше адамдар жайлы сипаттамалар айта бастаймын. Менің сөзім өзіне қатысты адамдар орнынан ұшып тұрып, кез келген бос орынға отыруы керек. Егер әңгіменің маған да қатысы болса мен де біреудің орнын аламын, орынсыз қалған адам жүргізуші болады».

IV. «Ұжымдық сурет» әдістемесі.

Барлық қатысушыларға таза қағаз таратылады. Қағаздың екінші жағына әркім өзі салғысы келген суреті жайлы жазады. Осыдан кейін бірінші адам салатын суреттің бір бөлігін жасайды да оң жақтағы көршісіне береді. Оң жақтағы көрші суретті толықтырып ары қарай жібереді. Сурет қолдан-қолға жылжып авторға қайтып оралады. Ол суретті аяқтайды.Осыдан кейін автордан  басқаларына суретке тақырып беру ұсынылады. Аталған автордың тақырыбымен салыстырылып, топқа қатысушылардың өзара келісімінің деңгейі анықталады.

V. Сабақты қорытындылау:

Тақырып. Коммуникативті өріс.

Мақсаты: Қарым-қатынас өрісін дамыту, коммуникативтік машықты жетілдіру.

Құрал-жабдықтар: Қойылым үшін шағын сценарийлер дайындау, қалам мен қағаз, бір шоқ гүл.

                                         Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру сәті.

Тренингке қатысушыларға сабақ тақырыбы хабарланады.

II.Кіріспе әңгіме.

Қарым қатынас таныстықтан басталады. Әйткенмен де өзіңе ұнаған адаммен танысуға деген ықылас аздық етеді, дұрыс таныса білу қажет.

Бүгін біз сіздермен танысудың рухани техникасы мен философиясын меңгереміз, бұл орайда бізге тәжірибелі психолог Н.Козловтың «Шынайы шындық, немесе психолог үшін өмір туралы оқулығы» көмектеседі.

Мен сіздерді, сол кітаптан біраз үзінділермен таныстырамын. Сабырлы да, еш қиындықсыз баларға тән жеңілдікпен танысу керек. Танысуды өзіне мақсат етіп қоймаған адамдар оңай танысады, Сізбен сөйлесу, әңгімелесу ұнайды. Сізде өзіңізді осы жағдайға дайындаңыз:сөйлесе алсаңыз –жақсы, егер де әңгімелесу қанағаттанарлықтай болмаса уайымдамаңыз, ренжімеңіз. Адамдар көп, Сіздің бір адаммен әңгімеңіз жараспаса келесі екінші адаммен танысасыз. Дүние-кең !. Танысу барысында ең бір маңызды мәселе өзіне қарсы адамның беретін бағасын ойламау. Есіңізде болсын, танысқанда Сіз өзіңізді емес оны(танысатын адамды) бағалауыңыз  керек, ол Сізге қай жағымен қызықты. Сіздің басты ісіңіз-қызығушылық тудыру және қарым-қатынас жасауда қанағаттанарлық сезімде бола білу.

III.Қарым-қатынасты дамытуға арналған жаттығулар1.

1.Көп қарым-қатынас жасаңыз

    Қыздар және ұлдар мен де, қартпен де кезекте тұрып та, көлікте жүріп те неше түрлі адамдармен ешбір жаман ой, түпкі мақсатсыз әңгімелесе білуге үйрену керек. Бірдеңе сұрау керек болса-сұраңыз. Жымиятын жағдай болып қалса, жымиыңыз. Ең болмағанда әңгімеге қызу араласыңыз.Мысалы, бір кәрі әже Сізге қарап әңгіме айта бастады делік, әңгімеге араласыңыз сол әңгімеден қызықты, өзіңізге пайдалы дүниелер табуға тырысыңыз.

2.Беталды сөйлейтін адамның ролін ойнаңыз.

    Бұл жаттығу ұялшақ және флегметик типіндегі адамдарға пайдалы. Сіздің міндетіңіз-ақылдылықпен «көпіріп сөйлеу». Өзіңізге кез-келген бос әңгімені айтуға рұқсат беріңіз.

3.Әзіл-қалжың сезімін дамыту.

    Әр жағдайдан көңілді бірдеңе көздеуге тырысыңыз. Күлдіргі бірдеңе айтып, басқалардың да, өзіңіздің де көңіліңізді көтеріңіз. Ал анекдот айта білу нағыз өнер. Ол өнер біреулерге табиғаттан берілсе, біреулер жаттығу арқылы жетеді. Айтушының ең басты сыры-әңгіменің орнын тауып айту.

4.Көмек беру мен көмек сұрауға дағдылану.

    Көмекке келуге көмек сұрауға адйын тұратын адам-қарым-қатынас жасауға еш қиындықсыз шығады. Бөтен адам келе ме-қолыңызды созыңыз. Сізге биіктен секіру керек болса, біреудің қолын беруін өтініңіз. Қалай қарай жүруді білмей тұрсыз, уақытты білмейсіз-сұраңыз. Білмегендерге өзіңіз айтып жіберіңіз.

5.Өз бет-пішініңізді ұмытпаңыз.

    Ең негізгісі, Сіздің бет-пішініңіз . Бет-пішініңіз сабырлы, жылы, күлуге дайын тұруы керек, тіпті күлмеген күннің өзінде күлкі нұры тұруға тиіс. Ал күлкі ұшқыны айқын кезде Сіз бен Менің және мына дүниенің бары қандай жақсы дегенді білдіруі керек. Тренингке қатысушылар өздері ұсынған өмірде кездесетін сан-қилы жағдайларды ойнайды.

IV.Өз театрың «сценарий және қойылым».

Жүргізуші сабаққа жастардың танысуына арналған бірнеше сценарий дайындап келеді.

Мысалдар:

1.Көшеде Жас жігітке бір бойжеткен ұнап қалды. Жігіт бір гүл сатып алып, қызға мынадай сөздермен жақындайды: «Сізге мына роза гүлін көрер жанның көз қуанышы ретінде сыйлауға рұқсат етіңіз», «Сіздің ұнататын гүліңізді сыйлауға рұқсат етесіз бе?».

2. Дүкен ішінде немесе дүкен жанында: «Қарындас, маған сіздің көмегіңіз қажет болып тұрғаны... қарындасымның туылған күні еді, не сыйларымды білмей тұрмын. Маған кеңес бермес пе екенсіз?»

 «Қарындас, маған сіздің көмегіңіз қажет болып тұрғаны... қарындасымның туылған күні еді, не сыйларымды білмей тұрмын. Маған кеңес бермес пе екенсіз?»

3. Киноафиша алдында: «Қазір ең қызық фильм қай фильм екенін білмейсіз бе? Мүмкін бірге көрерміз?»

Сценарий түрі сан алуан болады, ерекшелеу болғаны жақсы және тұрпайы сипатта болмауы керек. Тренингке қатысушыларға сценарий бойынша қойылымдар көрсетілу ұсынылады.Сондай-ақ қатысушылар өздерін сценарист ролінде байқап көргені дұрыс.Балалардың ұсынған сценарийі бойынша міндетті түрде қойылым жасау керек.

V.Сабақты қорытындылау.

Жұмыс нәтижесін талқылау. Танысудың сәтті шыққан тәсілдерін атап өту, үздік қойылымдармен ,жақсы орындалған ролдерді атау қажет.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.04 Kb
Количество скачиваний: 78
Просмотров: 225

Похожие материалы