Здесь была ссылка на работу Публикация автора Аубакирова Айнагуль Аманжоловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
«Оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы» Аубакирова Айнагүл Аманжолқызы №5 гимназия, Астана қаласы Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлайтын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалайтын, көсбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасуын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының іс- әрекеттерін, жетістіктерін бағалауға және жауапкершілікке үйренеді. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау – оқу үрдісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс – әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үрдісінің белсенді қатысушысы бола алды. Өйткені дәстүрлі бағалау үрдісінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс- әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызуғышылығы артады. Екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін ( оқушылар бірін – бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда). Суммативті оқыту, керісінше, оқушылардың осы кезеңге дейін оқығанын қосып бағалау. Бағалаудың мақсаты неде? Әдетте бағалау мақсаты әр мұғалімнің бағалауды ( тестілеуді) қандай мақсатта және кім үшін ( сыныпта тестілеу жүргізу сияқты), қалай өткізуі керек екендігі туралы түсінігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаттары төменде қысқаша айтылған. 1. Оқудың қиындықтарын анықтау. 2. Кері байланыс. 3. Уәж. 4. Болжау және сұрыптау. 5. Стандарттарды бақылау және орындау. 6. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы. Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) неліктен оқытуды және оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірбиесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата – аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін Бағалау ұғымы дегеніміз осы болып табылады. Оқуды бағалау. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсер тигізуі мүмкін ( Assessment Reform Group. 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол жеткізген деңгейімен арақатынасы салыстырылған соң қортындысы жасалады. Мұндай қортындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке «сәйкес/сәйкес емес» деген нысанада жасалады. Бұл олар негізделген өлшемдер мен стандарттардың таңбалануы. Ұпай сандарын өздеріне таныс «2», «3», «4», «5» деген бағалармен жауаптарына сәйкес салып отыруларын тапсырдым да, сабақ соңында барлық ұпайларын қосып, критерий санына бөліп қортынды баға қойдым. Басында күмәнмен қарады. Тапсырманы орындау көп уақыт кетті, өйткені балалар баяу болды. Сонымен қатар бағаны асырып жіберді, себебі жұптасқан оқушылардың көбі достар. Алғаш қолданғандықтан ба, әлде оқушылардың жас ерекшеліктері әсер етті ме, әйтеуір бір олқылықтың бар екенін аңғардым, себебі ұпай санын қоюда оқушылар бір-бірінің көңіліне қарап, тым көңілшектік танытса, кейбірі қалыптасқан дәстүрден шыға алмай жауабы өте сәтті болған оқушыға да осы уақытқа дейінгі сабақ үлгеріміне сәйкестендіріп бағалап жатуы, критериалды бағалауға оқушыларымның дайын еместігін біліп, бағалаудың түрін өзгертуді ойға алдым әрі шәкірттерімді нақты баға қоюға дағдыландыру мақсатымда бағалау туралы түсінік беріп, оқушылардың арасында бәсекелестік туғызуға тырыстым. Бәсекелестік пайда болған уақытта оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін анықтап, бағаның әділ қойылуына мән берді. Егер сабақта оқушының бойындағы танып-білуге деген қызығушылығы оятып, одан әрі дамытатындай қолайлы жағдай жасай білсек, онда оқушы бойында сөзсіз білімге деген құштарлық пайда болды. Нәтижесінде : 1. Оқушылар өзін-өзі, бір-бірін бағалауға үйренеді. 2. Оқушылардың білім алуға деген құлшынысы артады. 3. Оқушылардың өз білімдерінің қандай сатыда тұрғанын анықтауға мүмкіндік береді. 4.