Здесь была ссылка на работу Пушкин және Абай автора Жаксылыкова Марина Алмахановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында: «...Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз...» -дейді. Осы қасиетті міндеттер мен мақсатты жүзеге асыруда мектептің ондағы мұғалім – тәрбиешілердің атқаратын еңбегі ерекше. Қазір білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Әлемдік білім кеңестігіне кіру үшін оның алғы шарттары жасалуда. Білім мазмұнын жаңалау, құзырлылыққа бағытталған, ұлттық құндылықтар негізінде білім, тәрбие бере отырып, тұлға қалыптастыру, дарын көзін ашу сынды келелі мәселелер сөз жоқ, ұстаз-тәрбиеші жұмысын да жаңа арнаға бұруда. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден–ақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-салты бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Әрбір ұлт әдебиетінің тарихында туған халқының мәдени өмірінде жеке өзі бір кезең – дәуірді түзеп, соңына ұмытылмас, өшпес із-мұра қалдыратын заңғар суреткерлер болады. Сондай тұлға, әлем әдебиетіндегі аса ғажайып орыс ақыны - Александр Сергеевич Пушкин. Бүкіл әлем мойындаған тәңір тектес сұлулықтың иесі мен киесі атанған «поэзия падишаһының» шығармашылығы қазақ жерінде тағы бір рет аталып өтпекші. Биыл Ресей елінде қазақ халқының данышпан ұлы «Абай жылы» деп жарияланса, біздің елімізде орыс халқының аса дарынды тұлғасының құрметіне 2006 жыл «Қазақстандағы Пушкин жылы» деп жарияланды. А.С.Пушкин Қазақстандағы (әлемдегі) ең көп оқылатын және үлкен құрметке бөленген орыс ақындарының бірі және солай болып қала да береді.