Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту.
Предмет:
Математика
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Балманова Шолпан Жибекалиевна
Здесь была ссылка на работу Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту. автора Балманова Шолпан Жибекалиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарашалаң елді мекені, №75 орта мектеп, математика пәнінің мұғалімі Бигелдиева Нургуль Бахитовна Күні: 14 ақпан 2014 жыл. Пәні: алгебра Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті. Бөлшектерді қысқарту. №484-486, 495-497, 506-507 Сабақтың жалпы мақсаты Білімділік: Оқушыларға рационал өрнек ұғымын, теңбе-теңдік пен теңбе-тең түрлендіруді, рационал бөлшектерді қысқартуды меңгерту, есептер шығарту. Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу қасиеттерін ашуға үйрету. Тәрбиелік: Өз беттерінше есеп шығаруға, ізденімпаздыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Сілтеме 7 сынып алгебра Күтілетін нәтиже Өз беттерінше есептеу дағдылары қалыптасады. Тапсырма көздері Жеке жұмыс Жұптық жұмыс Оқулықтан есептер шығару Оқулықтан есептер шығару Кейінгі тапсырмалар ІІІ тарау. §1, №499 Сабақтың мазмұны бойынша мұғалімнің жазбалары: І. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу. ІІ.Сабақтың түрі: аралас, ойын сабақ ІІІ.Сабақтың типі: білімділік пен дағдыны қалыптастыру. ІҮ. Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап. Ү. Сабақтың көрнекілігі: бағалау парағы, суреттер, тірек сөздер. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. А) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, жағымды ахуал туғызу. Ә) Назарын сабаққа аудару, сыныпты 2 топқа бөлу . Б) топтардың бір біріне тілегін тыңдау. ІІ. Мұғалімнің сөзі: Сабақтың мақсатымен, құрылылымен таныстыру: 1. Коньки ойыны : үй тапсырмасын ауызша сұрақтар арқылы сұрау. 2. Биатлон ойыны: есептер шығару (жеке жұмыс) 3. Мәнерлеп сырғанау ойыны : есептер шығару (жұптық жұмыс) ІІІ. Коньки ойыны : үй тапсырмасын ауызша сұрақтар арқылы сұрау: 1. Бүтін өрнектер деп нені айтады? 2. Бөлшек өрнек деп нені айтады? 3. Рационал өрнек деп нені айтады? 4. Рационал бөлшек деген не? 5. Бөлшектің негізгі қасиеті? 6. Тепе-тең өрнектер деп нені айтады? 7. Тепе-тең түрлендіру деп нені айтады? ІҮ. Есептер шығару Биатлон ойыны: Жеке жұмыс Мәнерлеп сырғанау: Жұптық жұмыс І топ ІІ топ №488 бөлшекті қысқартыңдар: (1, 3, 5) (2, 4, 6) І топ ІІ топ №498 бөлшекті қысқартыңдар: (1, 2) (3, 4) Ү. Сергіту сәті. ҮІ. Сабақты қорыту: Блум таксаномиясы бойынша VІІ.Кейінгі тапсырмалар: ІІІ тарау. §1, №499 VІІІ. Бағалау: Сабақ барысында жүргізілген жеке, жұптық жұмыстарға баға беріледі. ІХ. Қорытынды: Бүгінгі сабаққа рефлексия жүргізіледі. Бүгінгі сабақтан алған әсері, нені үйренгені жөнінде өз ойлары сұралады.