Рационал бөлшектерді қосу және азайту. сабақ жоспары. 7 сынып
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Амирова Гульжан Медетовна
|
Сабақтың тақырыбы: Рационал бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал бөлшектерді қосу мен азайту алгоритмін меңгерту,
алған білімдерін бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге
қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігі, ынтасы мен жауапкешілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: компьютер, презентация, тірек сызбалар.
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру (оқушыларды түгелдеу)
Қызығушылықты ояту.(Топқа бөлу, топ аты туралы мәлімет беру)
Әр түрлі өрнектер оқушыларға үлестіріледі.
І топ «Бүтін өрнектер» бүтін өрнектер алған оқушылар
ІІ топ «Бөлшек өрнектер» бөлшек өрнектер алған оқушылар
ІІ. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру.
А. «Ой қозғау» теориялық білімдерін тексеру.
І топ тапсырмасы: а) Қандай бөлшек рационал бөлшек деп аталады?
ә) Рационал бөлшектің негізгі қасиеті.
ІІ топ тапсырмасы: а) Бөлшекті қысқарту дегеніміз не?
ә) Рационал бөлшектің негізгі қасиетінен шығатын салдар.
В. «Кім жылдам?» Жұлдызшаның орнына тиісті өрнекті тап.
І топ = ІІ топ = *
Бөлшекті ортақ бөлімге келтіріңдер.
І топ ; ІІ топ ;
«Ой түрткі»
І топ a) қандай бөлшектерді қосу?
ІІ топ қандай бөлшектерді азайту?
Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
ІІІ. Жаңа сабақ. Рационал бөлшектерді қосу және азайту.
І слайд: Бөлімдері бірдей рационал бөлшектерді қосу және азайту.
ІІ слайд: Бөлімдері әр түрлі рационал бөлшектерді қосу және азайту алгоритмі.
1.Мүмкін болса, бөлшектің бөлімдерін көбейткіштерге жіктейміз.
2. Бөлшектердің ортақ бөлімін табамыз.
3. Әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін анықтаймыз.
4. Әрбір бөлшектің алымы мен бөлімін толықтауыш көбейткішіне көбейту
арқылы ортақ бөлімге келтіреміз.
5. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу (азайту) амалын орындаймыз.
Мысалдар
ІV. Оқулықпен жұмыс
V. Деңгейлік тапсырма
А тобы: №256 №260 ( 1-3 )В тобы: №261 С тобы №265(1; 2)
VІ. Сабақты бекіту. «Дұрыс теңдікті тап»
І топ = ІІ топ =
2 = ІІ топ +=
VІІ. §13 № 257(1;4) №262(1;2)
Сабақты қорытындылау. Бағалау.
Жиналған ұпайлары арқылы жеңіске жеткен топты анықтау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 363.75 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |