Разработка урока по истории на тему:"Отты жылдар шежіресі"

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сыныптан тыс шараның мақсаты:

 - оқушыларға КСРО – Германия соғысының жеңіспен аяқталғанына  биыл 67 жыл толғанын, отты жылдардағы соғыс қасіретін, тарих қойнауындағы шежіреден сыр шерту, оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәліметтермен таныстыру, тылда қажырлы еңбек еткен әкелер мен аналар, аталар мен әжелерді ұмыттырмау, сұрапыл соғыс құрбандарын құрметпен еске алуды кейінгі ұрпақ бойына сіңіру.

- шара  барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды есте сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі заманға көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.

- елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін есте сақтауға, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Барысы:

- Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгін біз «Отты жылдар шежіресі» атты шараға жиналып отырмыз.

Гитлерлік Германия 1941 жылы 22 маусымда  Кеңестер Одағына шабуыл жасады. Олардың мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халқын құлдыққа түсіру және дүние жүзіне үстемдік орнату болатын.

« Ер басына күн туып, етігімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен» ауыр сын кезеңде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.

Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымызбен әкелеріміздің мәңгі жас болып жадымызда сақталған жауынгерлермен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлер аруағына, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің құрметіне арналады!

 (Сахнаға 2 оқушы екі жақтан шығады.)

Оқушы 1: - Жыл сайын 9-мамыр күні адамдар ескерткіштерге асығады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүл шоғын қойып, батырлар есімін еске алады.

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атанып,

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің құралы.

 


Оқушы 2: - Соғыс деген суық хабар, қатер, сын,

Тіршілікке не жақсылық әкелсін.

Ақ шашты ана жесір

Зардабынан соғыстың.

Ұлың жетім,

Құрбан еткен әкесін.

Ақ шашты ана

Ұлын, жарын жоқтаған.

Шошытады

Сол бір күндер қаралы

Ерлікте көп,

Аңыз етіп айтарлық.

Жойдық біздер,

Жаудың бетін қайтардық.

Отан бүгін мол шаттыққа кенеліп,

Жатыр едім жүзінен нұр байқалып.

Гүл дәуренде

Күн кешейік үрейсіз.

Төбемізден төнбесінші дүлей күш.

Бар мәселе

Бейбіт жолмен шешіліп,

Ұранымыз:

Тыныштықты тілейміз!


 

Көрініс: «Соғыс қасіреті»

Күй ойнап тұрады.

Қатысатындар: әжесі, қазақ қызы-немересі, солдат-қыздың әкесі, келін-қыздың шешесі.

Жаздың жайма шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне өте қуанышты жүгіреді.

Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келеді.

(Әжесін құшақтап еркелей күледі.)

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам!

(Маңдайынан сүйіп қасына отырғызады. Әкесі жымиып, салмақты кейіпте пышағын қайрап отыра береді. Келіні ыдыс алып келе жатып радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.)

Радио: Тыңдаңыздар, тындаңыздар! Кеше біздің ұлан-байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді. 

 

Ән: «Священная война».

(Келіннің қолынан ыдысы түсіп кеткен, келіні жылап бетін жабады.)

Немересі: Әже, соғыс, соғыс басталды! (Әжесін құшақтап жылайды. Әскери музыка ойнап тұрады)

Дауыс: Қырқыншы жылдардағы қазақ ауылы. Ер азаматтарды соғысқа аттандырып тұрған ауыл адамдарының жанарында қайғы мұң.

 

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 65.5 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 136

Похожие материалы