Разработка урока по казахской литературе на тему: " Ғ.Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі бойынша талдау" (7 класс)
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бесимбаева Гүлдана Жеткизгеновна
|
Ана –өмірдің тірегі. Ана” – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлаған , қазағымызда аналар тақырыбына жиі қалам тербеген жазушы-
Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» атты шығармасы бойынша талдау сабағын 7-сынып оқушыларына өткізген болатынмын. Сабақ мақсаты бойынша әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау көзделінген болатын.
Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге, ойын анық ,еркін айта білуге үйрете отырып, ананы құрметтуге, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу болатын. Осы мақсатты көздей отырып, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру тәсілін қолданып, оқушыларды 4 -топқа бөлдім. Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар берілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы әңгіме мазмұнын ашты. Сабақ өте жанды өтті десек, артық айтпағанымыз болар, себебі оқушылар әңгіме мазмұнын талдады, пікірталастар жүргізді, тақтаға шығып өз ойларын жеткізді, кестелер толтырды. Сабақтың әсерлі болғаны соншалық, топтың бір оқушысы өз жанынан өлең шығарып, оқып берді. Топтастыру тәсілі арқылы сабақ қорытындыланып, әр оқушы сабақтан алған әсерлерін жазып жеткізді.Анаға деген махаббаттарын баяндай келе анасы үшін қандай да болса көмектерін аямайтындықтарын айтты. Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін оқыта отырып, өз мақсатыма жеттім деп толық айта аламын.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.1 Kb |
Количество скачиваний: | 18 |